Түркістан облысы: Сарыағаштағы оқушыларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық сайыс өтті

Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінің Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа 4 отбасы қатысып, спорт ойындарынан құралған 5 шарттан тұратын жарыста бақ сынасты.

Жарыстың нәтижесі бойынша 1-орынға — Қамановтар отбасы, 2-орынға — Жусуповтар отбасы, ал 3-орынға Турдиевтар және Сатыбалдиевтар отбасы ие болды.

Сайыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталып, алғысхаттармен марапатталды.

Айта кетейік, аталған шара 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне және 26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Орайы келгенде атап өтер тағы бір жайт, ағымдағы жылы қала сыртындағы лагерьге Түлкібас ауданы бойынша 2000 баланы сауықтыру жоспарланған. 2024 жылдың 1 шілдесіне балалар Қазығұрт ауданында орналасқан «Турбаза Қазығұрт», «Meirzhan», Түлкібас ауданында орналасқан «Көктөбе-1», «Көктөбе-2» жазғы маусымдық сауықтыру лагерьлерінде демалысын жалғастыруда.

І кезеңде 300 оқушы сауықтырылса, 3-4-ші кезеңдерде 677 оқушы демалуда. Ал, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 150 оқушы Түлкібас ауданының Машат шатқалында орналасқан “Машат-Арасан” оқу-сауықтыру лагерінде демалып келді.

Сондай-ақ, олардың жас ерекшеліктеріне қарай, 5-10-шы сынып оқушылары лагерьге қабылданды. Әр аусымның ұзақтығы — 10 күн.

Балалардың жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі көңіл-күй. Балаларға сәтті, қызықты демалыс тілейміз!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin