Түркістан облысында туристік-ақпараттық тур ұйымдастырылды

Түркістанның туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ақпараттық тур ұйымдастырылды. Екі күнге созылған іс-шараға Египет, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстанның travel-блогерлері қатысты.

Қатысушылар алғашқы күнде Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы сынды тарихи орындарға саяхаттады. Сонымен қатар Түркі елдерінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының рухани-мәдени орындарымен танысты. Түркістан қаласының жергілікті ресторандарында болып, шаһардың қонақжайлылығын сезінді.

Шетелдік travel-блогерлер алдағы уақытта өңірдің табиғаты шырайлы демалыс аймақтарымен танысып, саяхаттап келуге ниетті екендерін жеткізді.

Расы керек, Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1780 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар объект (Қ.А.Ясауи кесенесі), 40 республикалық маңызы бар ескерткіш, 403 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 1336 туризм нысаны бар.

Сондай-ақ, облыста туристтерге арналған 220 орналастыру орны бар. Олар: қонақүйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерьлері және 72 санаториялық-курорттық ұйым да жұмыс істейді.

Бұдан басқа, облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи объект орналасқан. Олар: ЮНЕСКО биосфералық объектілерінің тізіліміне енгізілген «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, сондай-ақ «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі де туристтерге қызметтер көрстеді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристтер саны 562,8 мың адамды құрады. Ал, 2022 жылы 470,9 мың адам келген. Оның ішінде, орналастыру орындарымен 272,9 мың адамдарға қызмет көрсетілгендер. Ал, 2022 жылы 253,4 мың адамға қызметтер көрсетілген. Табиғи аумақтар келушілер саны 126,6 мың адамдарды құраса, 2022 жылы 74,9 мың адамды құраған. Емдік-сауықтыру орындарында демалғандар 163,2 мың адам болса, 2022 жылы 142,4 мың адам демалған.

2023 жылдың қорытындысымен орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 5,58 миллиард теңгені құраса, 2022 жылы 5,0 миллиард теңгені құраған.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың 4 ай қорытындысына сәйкес өңірге біркүндік келушілер саны 258 331 мың адамды құраған. Оның ішінде, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі – 190,121 мың адам, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі – 680,210 мың адам.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылдың 4 ай қорытындысына сәйкес туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 10.6 миллиард теңгені құрады.

2024 жылы жалпы туризм саласы бойынша облыс аумағында жалпы соммасы 20,18 миллиард теңгені құрайтын 27 туристік инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, «Lords Heir» қонақ үйі, «Khan Palace 2» қонақ үйі, «Yassy Hall and Apartments» қонақ үйі, «Болашақ құрылыс» ЖШС-нің демалыс аймағы және т.б. нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған.

Айта кету керек, 2023 жылы облыстың туризм саласына 53,5 миллиард теңге инвестиция тартылды.

2023 жылы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы соммасы 10,6 миллиард теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды.

Оның ішінде, Түркістан-Қарнақ бағытындағы және Самара-Шымкент жолдар жөндеуден өткен.

Аталған бағытта биылғы жылы жалпы соммасы 17,6 миллиард теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асыру көзделуде. Оның ішінде, Түркістан-Арыстанбаб және Сауран қалашығына құрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған. Жобалардың аяқталуы мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Түркістан облысы республиканың сауықтыру туризмі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 75 емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру ұйымдарының нөмірлік қоры 12 622 төсек-орынды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағындағы емдік-сауықтыру орындарында 163.8 мың адамға қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 115,0%-ға өсті (142,4 мың адам).

Айта кету керек, Түркістан облысындағы емдік-сауықтыру туризмі әлеуетінің басым бөлігі Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында орналасқан. Облыс аумағындағы 75 емдік-сауықтыру орнының 51-і немесе 68,0% Көктерек кентінде жұмыс істейді. Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында 8,0 миллиард теңге

Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында 7,5 миллиард теңге құрайтын 6 емдеу-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.

Соңғы жылдары экологиялық туризм бүкіл әлемде трендқа айналған. Өңірде де экологиялық туризм қарқынды дамып келеді. Айтар болсақ, 2024 жылдың 4 ай қорытындысына сәйкес табиғи аумақтар келушілер саны 6,3 мың адамды құраған. Ал, 2022 жылы – 74,9 мың, 2023 жылы – 126,6 мың адам келген.

Қазіргі таңда облыс бойынша табиғи аумақтарда және оған іргелес Төлеби, Түлкібас аудандарында 99 демалыс орны, 62 қонақ үй, 12 шипажай, 6 киіз үй, 1 аңшылар үйі орналасқан.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік-рекреациялық мақсатта 30 туристік соқпақ пен маршруттар құрылған. Олар «Сайрам-Өгем» – 11, «Қаратау» – 2, «Ақсу-Жабағылы» – 10, «Сырдария-Түркістан» – 7.

«Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығында эколгиялық туризмді дамыту мақсатында 22,0 гектар жер телімі қарастырылған. Аталған аумақта 2 туристік маршрут құрылған. Маршруттың жалпы ұзыдығы – 44 шақырым. Маршрут бойында 14 ақпараттық стенд, 16 жол көрсеткіш, 9 орындық, 10 қоқыс орны, 4 әжетхана, 1 шолу алаңы жабдықталған.

«Сайрам-Өгем» МҰТП аумағының 11,7 % немесе 17519 гектар жер телімі рекреациялық және туристік қызмет аймағы болып саналады. Аталған аумақта келушілерге арнап 11 туристік соқпақ ұйымдастырылған. Қазіргі таңда, парк аумағындағы жалпы ауданы 343,2 гектар 29 жер телімі туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға берілген. Жер пайдаланушылар есебінен парк аумағында 6 демалыс үйі, 1 аңшылар үйі, 2 киіз үй жұмыс атқарады.

Медиа алаңдар мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысының туристік әлеуеті жайлы ақпараттық жұмысты күшейтіп, жан-жақты материалдар таратылуда.

«Instagram», «Facebook», «TikTok» және «Telegramда» түрлі сапалы роликтер, креативті қысқа reels видеолар  салынған. Жыл басынан бері жасалған талдауға сәйкес видеолардың жалпы қаралымы 10 миллионға жуықтаған.

Күнделікті қызықты ақпараттар, хабарландырулар мен туристік маршруттар жөнінде посттар жариялануда. Олар пабликтер мен оқырмандардың парақшаларына таралуда.

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 200-ден астам материал жарық көрді. Осы орайда, жыл соңына дейін 30-дан астам оқиғалық
іс-шара ұйымдастырылып, өткізу жоспарлануда. Түркістанға келетін халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында Венгрияның «Wizz Air» авиакомпаниясымен «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілген.

Рейстер аптасына 2 реттік жиілікпен А-321 заманауи ұшақтарымен орындалды. Қазіргі таңда, әуекомпанияның сұрауы бойынша облыстың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында 2024 жылға 60 миллион теңге қаржы қаралды.

Алғашқы рейс 2024 жылдың 16 қаңтарында жүзеге асырылды. Қазіргі таңда рейске билеттер сатылымы әуекомпанияның ресми сайтына шығарылған.

Ағымдағы жылдың 5-7 наурыз күндері Германия Федеративтік Республикасы Берлин қаласындағы халықаралық көрмеде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, 18 наурызда «Түркістан — Түркі әлемінің туристік астанасы» туристік маусымының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қол күресі, гір тасын көтеру, кеуде тартылысы сынды ұлттық спорттық ойындар мен қызықты байқаулар ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 22-24 наурыз аралығында Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Самарқанд қаласында роуд-шоу ұйымдастырылып, Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

Түркістан облысының делегациясы «2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында ағымдағы жылдың 28-29 наурыз аралығында Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылуы іс-шарасына қатысып, өңірімізге туристерді тарту бойынша екі елдің туристік операторлары байланыс орнатты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Наурыз fest» мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, өңіріміздің тарихын, мәдениетін және туристік әлеуетін кеңінен таныстырылды және қатысушыларға облыстың туризм бағытын қамтыған жарнамалық-үлестірме құралдары, брендтік өнімдері ұсынылды.

2024 жылдың 24-26 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында өткен «KITF — 2024» Қазақстандық халықаралық туристік көрмесінде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Ұлыбритания елінен келген 9 жетекші туристік операторларға Түркістан облысының туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері Италия елінің БАҚ өкілдері және туристік операторларына облыстың туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді.

Түркістан облысы бойынша республикалық маңызы бар автомбиль жолдары бойында жер телімдерінде 115 жол сервис нысаны және демалыс алаңдарындағы 8 санитарлық гигиеналық торап орналасқан, сондай ақ жеке инвесторлар тарапынан 2024 жылы  Ордабасы ауданы — 2, Бәйдібек ауданы — 1, Төле би ауданы — 1, Қазығұрт ауданы 1 санитарлық гигиеналық торап салу жоспарлануда. 

Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында жергілікті бюджет есебінен 4 санитарлық-гигиеналық торап орнатылуда (Ақмешіт — 2, Домалақ ана — 1, Бәйдібек ата — 1).

Түркістан облысы бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 24 демалыс алаңы бар, олардың қарқындылығы тәулігіне 3700-ден астам автокөлікті құрайды,
сондай – ақ 5 жыл мерзімге инвесторлармен ағымдағы жылдың соңына дейін санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін 5 (бес) жауапты сақтау келісімшартын жасасу жоспарланған.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерді 7 мемлекеттік қолдау шарасы қабылданған.

Оның ішінде, 4 мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті әкімдік жүзеге асырады. Олар:

  • Туристік қызмет объектілерініңқұрылысын субсидиялау (10%);
  • Жол бойындағы сервис объектілерініңқұрылысын субсидиялау (10%);
  • Санитарлық-гигиеналық тораптардыкүтіп-ұстауды субсидиялау (ай сайын 83 300 теңге);
  • Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне көлік құралдарын(сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiз орнынан асатын автомобиль) сатып алуын субсидиялау (25%);
  • Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түскен өтінімдер:
  • 2022 жылы – 1 өтінім(СГТ, өтінімге бас тартылған);
  • 2023 жылы – 22 өтінім.Оның ішінде, туристік нысан – 13, транспорт – 4, СГТ – 4, ЖСО – 1 (оң шешім алғандар СГТ – 3 (2,4 миллион теңге), туристік нысан – 2 (35,9 миллион теңге), жол бойындағы сервис – 1 (12,0 миллион теңге).
  • 2024 жылы – 22 өтінім.Оның ішінде, туристік нысан – 14, СГТ – 4, жол бойындағы сервис – 3, транспорт — 2 (оң шешім алғандар жалпы саны – 12, оның ішінде: туристік нысан – 8 (429,2  миллион теңге), СГТ – 3 (3,25 миллион теңге), жол бойындағы сервис – 1 (46,7 миллион теңге).

Иә, Түркістан қаласы Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атанды. Осы мәртебеге орай бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Өңір басшысы облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысына бұл бағытта нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді. Емдік-сауықтыру орындарын орналастыру жоспарын реттеу, су көздерін зерттеу жұмыстарын атқаруды тапсырды.

– Туризмді дамыту мәселесін тұрақты қадағалап отырамыз. Саяхатшылар санын көбейту бойынша жұмысты күшейтіңіздер. Түркістан туризм астанасы атанғанын білесіздер. Іс-шаралар мазмұнды әрі сапалы болуы тиіс. Өңірдегі минералды және емдік су көздерін зерттеу жұмысын жеделдету керек. Бұл да туризм саласын дамытуға серпін береді, – дейді Дархан Сатыбалды.

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың айтуынша, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыстық мәдениет және туризм басқармасы тарапынан «Түркістан облысының туризм саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленген. Бағдарлама әзірлеу барысында облысымыздың туристік қызмет саласына талдау жұмыстары, сонымен қатар туризм саласының қазіргі жағдайына SWOT-талдаулар жүргізілді. Талдау жұмыстарында туризм саласындағы шетелдік және отандық тәжірибе ескерілді және 2024-2028 жылдарға тиісті нысаналы индикаторлар белгіленіп, іс-шаралар жоспары әзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – келуші туристер санын арттыру, облыстың туристік әлеуетін жоғарылату, туризм саласында инвестиция тартуға қолайлы ахуал қалыптастыру. Іс-шаралар жоспары аясында өңірге келуші туристер санын 2028 жылға дейін 1 миллион адамға жеткізуді, ал біркүндік келушілер санын 2028 жылға дейін 2,5 миллион адамға жеткізу жоспарланып отыр. Басқарма басшысы іс-шаралар жүзеге асатын 4 тармаққа ерекше тоқталды. Атап айтқанда, облыстың туристік әлеуетін арттыру, туристік салаға инвестициялар тарту, экологиялық туризмді дамыту, емдік-сауықтыру туризмін дамыту.

15 наурызда туристік маусымның салтанатты ашылуы өткізілді. Сонымен қатар жыл барысында гастрофестиваль, этнофестиваль, ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек халықаралық ұйымдар мен орталық мемлекеттік органдармен байланыс орнатылып бірлескен жобалар жүзеге асыру пысықталуда. Жалпы басқарма тарапынан 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілмек. Сондай-ақ дәстүрлі түрде ұйымдастырылып өткізілетін халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері конкурсын тау туризмі маусымының ашылуына орайластырып, облыстың таулы аймағында өткізу жоспарлануда. Қатысушы мемлекеттер санын 20-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin