Түркістан облысы: Аппарат басшысы өңір тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.

Кеше Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар спорт саласына қатысты бірқатар мәселе көтерді. Мәселен, азаматша паралимпиада ойындарының жеңімпазына қолдау көрсетіп, тұрғын үймен қамтуға ықпал жасауды сұрады. Өтініш иесіне мемлекеттік тұрғын үй беру заңдылықтары түсіндіріліп, баспана үлестіру бойынша демеушілер қарастырылатындығы айтылды. Түркістан қаласының тұрғыны «ArtSport» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін ортаға салды. Түркістан облысы бойынша «ArtSport» жобасымен 16 мың баланы қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жаңа 350 өнім берушіден 872 өтініш түскен. Кәсіпкерге ақпараттық жүйеге түскен өтінімі белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты қайтарылғандығы түсіндірілді. Сонымен қатар аппарат басшысы жауапты сала басшыларына заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмысшы тобын құрып, спорт секцияларына мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Еркеғали Әлімқұлов көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді.

Естеріңізде болса, әлеуметтік желі арқылы күні бұрын «10 шілде, сағат 15:00-де Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысы Еркеғали Әлімқұловтың облыс тұрғындарын өзі жетекшілік ететін салалар (Дене шынықтыру және спорт, Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, Дін істері басқармаларына қатысты мәселелер) бойынша жеке қабылдауы өтеді.

Қабылдауға алдын ала жазылу 8/72533/ 59899, 8/72533/ 57983 байланыс телефондары арқылы 9.00 мен 19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.

Мекенжайы: Түркістан қаласы, 32 көше, 20 ғимарат, «Ашық әкімдік» кеңсесі» деп хабарландыру жасалған болатын.

Айта өтейік, ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Listening State» («Құлақ асатын/еститін мемлекет») — бұл Үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама Үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі компоненттері:

 Ашық байланыс арналары. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

Белсенді өзара әрекеттесу. Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін.

Шешімдерді ашық қабылдау. Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.

Кері байланыстың «ілмектері». Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.

Саясатты бейімдеу. Мемлекет азаматтардан алынған кері байланыс негізінде саясатты бейімдеуге дайын болуы керек. Бұл икемділік қоғамның өзгермелі қажеттіліктері мен басымдықтарын қанағаттандыру үшін өте маңызды.

Деректерді жинау және талдау. Үкімет саяси шешімдерді негіздеу үшін әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинап талдайды. Бұған сандық деректер (мысалы, сауалнамалар, статистика) және сапалық деректер (мысалы, қоғамдық пікірлер, баяндамалар) кіреді.

Мәдени сезімталдық және инклюзивтілік. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.

«Құлақ асатын/еститін мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік басқару азаматтардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарына жауап беру нәтижесінде тиімді болады деген сенімге негізделген. Үкіметтер жұртшылықты белсенді тыңдау және онымен әрекеттесу арқылы неғұрлым өзекті, әділ және тұрақты саясат құра алады. Бұл тәсіл мемлекеттік институттарға деген сенімнің артуына әкелуі мүмкін. Сайып келгенде инклюзивті және демократиялық қоғам құруға ықпал етеді.

 «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» қазақстандық моделі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекет пен азаматтар арасында келесі байланыс арналары жұмыс істейді:

«Ашық үкімет» цифрлық жүйесіндегі цифрлық платформалар:

— «Ашық деректер» data.egov.kz – ел азаматтары үшін қолжетімді деректер жиынтығын жариялау арқылы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

— «Ашық диалог» dialog.egov.kz – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына өтініштер қабылдау.

— «Ашық НҚА» legalacts.egov.kz – нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау.

— «Ашық бюджеттер» budget.egov.kz/ – бюджеттік процеске азаматтық қатысу арқылы бюджет қаражатын қалыптастыру мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету.

— Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау https://evaluation.egov.kz/ арқылы мемлекеттік органдар жұмысының бағалануын табуға болады.

«Ашық деректер» порталының деректері бойынша, порталда 3,6 мың ашық деректер, «Ашық НҚА» порталында 118,3 мың НҚА жобасы, «Ашық диалог» порталында 483,8 мың өтіш және «Ашық бюджеттер» порталында 157,7 мың бюджеттік бағдарлама жобасы орналастырылды.

«Е-Otinish» мемлекеттік органдарға өтініш беру жүйесі өзінің тиімділігін көрсетті.

Президент пәрменімен елімізде азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық беріліп отыр. Бұл ретте Ата заңға да кешенді өзгерістер енгізілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық бақылау», «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» секілді бірқатар маңызды заң қабылданды. Мемлекеттік органдарға «бір терезе» қағидасы бойынша өтініш немесе талап жолдауға арналған «Е-өтініш» сандық платформасы енгізілді. Кейінгі 5 жылда жіберілген арыз-шағымдар саны 2 еседен артқан. Маңызды тұжырымдама қазір қалай жүзеге асырылып жатыр? Сарапшылар пікірі қандай? Монологтан диалогқа көшу. Қазір коммуникациялық ашықтық қалай жүзеге асып жатыр? Айтайық. Әкімдер мен орталық атқарушы орган өкілері тұрғындармен кездесуінің жаңа форматы енгізілді. Азаматтармен қарым-қатынастың бірыңғай стандарты жасақталып, үздіксіз қызмет ететін онлайн-қабылдау алаңдары әзірленді. Барлығы — халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асырудың негізгі тетіктері.

«Біздегі «Ашық үкімет» порталы жұмыс жасап тұр. Оның ішіндегі ашық диалог, ашық деректер, ашық НҚА базасы бар. Азаматтар танысып, өз ойларын білдіре алады. Сонымен қатар «Ашық бюджет» порталы жұмыс жасап тұр. Бұл жердеде мемлекеттік бюджет бөліп жатқандығы, олардың қаншалықты көзделіп жатқандығы ойларын білдіре алады» — дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының МСҰМ профессоры Дастан Көшербаев.

Сарапшылар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» дегеніміз – бұл биліктің азаматтар алдындағы ашықтығы ғана емес, тұрғындар тарапынан да белсенді үнқосудың болуы дейді. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары, онда азаматтардың пікір білдіруі — соның айғағы. 

Дастан Көшербаев бұл ретте: «Әкімдердің, белгілі бір орталықтардың басшыларының, аудан әкімдерінің өздерінің «Ватсап» желілерінде парақшаларын ашып, кері байланыс құруы, «Твиттерде», «Фейсбукте», «Телеграмда» болуы да өзі байланыстың жаңа технологиялары арқылы пікір алмасу болып табылады. Саяси шешімдерге араласу, ол дегеніміз биліктің халық сұранысына сәйкес, солардың пікірлерін елей отырып шешімдер қабылдауы. Бұл өте маңызды» -дейді.

Заң шығарушы органның алдында нақты тапсырмалар қойылған. Бүгінде бірқатар маңызды норма қабылданып, күшіне енді. Соның бірі – әйелдер мен балалар құқығын қорғау туралы заң. Осы арқылы мемлкет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлді. Жаза қатаңдатылды. Тағы бір қадам — Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды жетілдірілді. Жаңа қоғамда бұрмалаусыз, ашық ақпаратқа қол жеткізу нормасы да осы құжатта. Сондай-ақ, азаматтардың петиция жариялауына мүмкіндік беретін ресми платформа жұмысын бастады. 

Парламент палаталарының отырыстары мемлекеттік телеарналардан тікелей көрсетіле бастады. Онда қоғамда резонанс тудырған заң жобалары талқыланып келеді.  Мәселен, қоғам пікірін ескерудің нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңға 1 мыңға жуық түзету енгізілді. Жаңа нормалар экономиканың көлеңкелі тұстарын жойып, кәсіпкерлер жұмысын дұрыс үйлестіруге мүмкіндік береді.

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Мемлекет басшысы 2019 жылғы Қазақстан халқына жолдауында осылай деген.Бүгінде халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңыздылығына баса мән беріліп келеді. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Сондай-ақ осы мақсатпен қоғамның белді өкілдерінің басын қосқан Қоғамдық сенім кеңесі құрылып, жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.

Халық пен саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында диалог орнатуда Ұлттық құрылтай маңызды орын алады. Қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету мен нығайту бойынша да ықпалы зор» — деген болатын. 

Бүгінге дейін ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті. Оның әрқайсысында қоғамымыздың басты құндылықтарына айналуы тиіс мәселелерге назар аударылды: бұл — Адал азамат, Адал адам, Адал еңбек және Адал табыс үғымдары. Және дәл осы түсініктер әділетті Қазақстанды құру идеясының тірегіне айналуы тиіс.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin