Түркістан облысында ауыз сумен қамту бойынша биыл 35 жоба жүзеге аспақ

Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кезекті рет талқыланды.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындарды ауыз сумен қамту ең бірінші кезектегі іс екенін айтты. Құрылысы созбалаңға салынған нысандар бойынша аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берді. Жұмысты дұрыс атқармаған мердігерлердің мәселесін заң аясында қарауды тапсырды.

– Ауыз сумен қамту жұмыстары жауапкершілікпен атқарылуы тиіс. Тапсырысты уақтылы орындамай, ауыз суды кешіктірген мердігерлермен заң аясында жұмыс жүргізіңіздер. Бұл мәселе қатаң бақылауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбековтың айтуынша, өңірде қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылса, ауылдардың қамту көрсеткіші 97,3 пайызды құрап отыр. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 14,1 миллиард теңгеге 61 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның 53-і ауылдарда жүзеге асады. 35 жобаны биыл аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 12 елді мекен (Сарыағаш – 2, Отырар –1, Төлеби –1, Келес – 4, Созақ – 4) жаңадан ауыз су жүйесімен қамтылады. 12 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылуда. 14 кешенді блок модулі орнатылып жатыр. Арыс пен Түркістандағы 6 мөлтекауданға су құбырлары жүргізіледі. Ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Тұтастай алғанда, Түркістан облысында 807 елді мекеннің 737-сі ауыз сумен қамтамасыз етілген. Республикалық көрсеткішке сәйкес, өңірдің қалалары 100 пайыз, елді мекендер 97,3 пайызға ауыз сумен қамтылған. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 63 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 15,7 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде, 34 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 29 елді нысан 2025 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен 29 елді мекендегі 15 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 – Мемлекет басшысы 2025 жылдың қорытындысына сәйкес өңіріміздегі елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Ауыз су – ең маңызды және бірінші мәселе. Сондықтан әрбір жобаның барысына жауапкершілікпен қарау керек. Сондай-ақ нысандардың құрылысына жауапты тапсырыс берушілер мен мердігерлердің жұмысын қадағалау керек. Әрбір су нысаны сапалы, әрі уақтылы тапсырылуы тиіс. Ауыз сумен қамту бойынша жаңа тәсілдер, гидрогеологиялық ізденістер, жан-жақты зерттеулер жүргізу қажет. Тапсырысты уақтылы орындамай, ауыз суды кешіктірген мердігерлермен заң аясында жұмыс жүргізіңіздер. Бұл мәселе қатаң бақылауда тұр, – дейді Дархан Сатыбалды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың айтуынша, 41 елді мекенді ауыз сумен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2024 жылы 50 елді мекен 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қалған 133 елді мекенді 2025-2027 жылдары аралығында тәулік бойы ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. 

Еске салайық, биыл 11 маусымда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің қалалық және ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау мәселесі қаралған болатын. 

Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмаларын тиімді іске асырудың қазіргі жағдайы мен жоспарлар туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады. 

Министрдің айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты сумен қамтамасыз ету қалаларда 98,9%-ды, ал ауылдарда 96,6%-ды құрады.

9 өңірде қала тұрғындары сумен 100% қамтылған. Ең төменгі көрсеткіш Абай және Павлодар облыстарында байқалады.

Маңғыстау облысында ауыл тұрғандары толықтай, ал Атырау және Алматы облыстарында халықтың 99%-дан астамы сумен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда, ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша орташа көрсеткіш 96,6%-ды құрайды.

Сумен төмен деңгейде қамтамасыз етілген өңірлерге басым негізде қаражат бөлінеді.

«2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына республикалық бюджеттен 324 жобаны іске асыруға 218 млрд теңге көзделген. Оның 106 миллиард теңгесі қалаларға және 112 миллиард теңгесі ауылдарға бағытталады», — деді Қ. Шарлапаев.

Бұл жобаларды іске асыру есебінен, 2024 жылдың аяғына дейін қала тұрғындарының 99,5%-ын және ауыл тұрғындарының 97,8%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Республикадағы 89 қаланың 65-і толықтай сумен қамтылған. Биылғы жылдың соңына дейін Шымкент, Державинск, Шемонаиха, Екібастұз және Шардара қалалары толықтай сумен қамтамасыз етіледі.

2025 жылы 19 қаланың тұрғындарын 100% қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Жоғарыда айтылған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қалалардағы су желілерінің құрылысы бойынша 83 жобаны іске асыру міндеті тұр. Оның ішінде 27 жобаны осы жылдың соңына дейін, ал 28 жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған», — деді министр.

Бұдан бөлек, 28 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама жоқ. Атап айтсақ, Павлодар облысындағы 10 жоба, Абай облысындағы 7 жоба, Қарағанды облысындағы 5 жоба, Астанадағы 5 жоба және Алматы бойынша 1 жобада жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленбеген.

Ауыл халқын сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Бүгінде 6 256 ауылдың 5 130-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 1 126 ауылды 2025 жылдың соңына дейін қамтамасыз ету қажет. Оның ішінде 316 ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен қатар бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында халық саны 200-ден кем 810 ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылатын болады.

«Биыл 385 ауылды сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде 135 ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, 250 ауылда кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан 171 кешенді блок-модуль орнатуға қаражат қарастырылған», — деді Қ. Шарлапаев.

Ал Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарындағы 79 ауылға жақын арада жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні 65 ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл құжаттар уақытылы дайындалмаса, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмайтынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар 16 ауыл бойынша іздеу-барлау жұмыстары әлі басталмаған. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстарды атқару қажет:

  • осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарының барысын апта сайын бақылай отырып, барлық жоспарланған объектілерді іске қосуды қамтамасыз ету;
  • қысқа мерзімде орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен халық саны аз ауылдарда кешенді блок-модульдерді орнатуды және іздестіру-барлау жұмыстарын жеделдету;
  • бюджетті кезекті нақтылау кезінде кешенді блок-модуль орнатуға жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастыру.

«Елді мекендерді сумен қамту мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында», — деп түйіндеді Қ. Шарлапаев.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin