Түркістан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы стратегиялық маңызды нысанның құрылысымен танысты

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, 2,4 текше шақырым су көлемін қамтамасыз ету үшін 20 су қоймасын салу көзделген. Мемлекеттік меншікте болатынын су қоймаларының алғашқысының құрылысы Түркістан облысында басталды. Бәйдібек ауданындағы «Бәйдібек ата» су қоймасы тау суын жинап, ұлғайған егістік алқаптарды ағын сумен қамтуға, Бөген өзенінен қосымша 153 миллион текше метр су қамтуға мүмкіндік береді. 68 миллион текше метр су сиятын жобаның құны –15,7 миллиард теңге. Дамбаның ұзындығы – 4,2 шақырым.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стратегиялық маңызды нысанның құрылысымен танысты. «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы» жобасын іске асыруға 2024-2026 жылдарға республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге бөлу көзделген. Жоба жетекшілері маңызды нысанның құрылысына қаралған қаражаттың уақытында бөлінуінің маңыздылығына тоқталды. Нысанның қаржысы толық қаралған жағдайда, 2025 жылы ел игілігіне тапсыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңға негізгі бөгеттін жер жұмыстары және 20 шақырымды құрайтын арнаның жер, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Нысан басына 148 адам және 161 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар сапасын бақылау үшін арнайы лабаратория, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелер нысан басына орналастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жаңа гидротехникалық нысан Балабөген және Үлкенбөген өзендерінің қиылысқан тұсында, 680 гектар жерде бой көтереді. Бөгеттің ұзындығы – 1,75 шақырым, биіктігі – 26 метр. Су қоймасы көктемгі тасқын суын жинап, суару маусымында «Бөген» су қоймасына қосымша су жіберетін болады. «Министрліктің Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Екі нысан «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша біз Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз»,- дейді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Су қоймасына жиналған суды «Бөгенге» жеткізу үшін «Сарқырама» каналы салынып жатыр. Жалпы ұзындығы 21,7 шақырым болатын канал секундына 12 текше метр су өткізе алады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 48%-ға аяқталып, 10 шақырымнан астам бөлігі толық бетондалды.

«Бәйдібек ата» су қоймасының негізгі су көзі – Бөген өзені. Гидрологиялық есептеулерге сәйкес, өзеннің орташа жылдық ағыны 165 миллион текше метрге дейін жетеді. Яғни, осы суды жинап алып, халықтың қажеттілігіне жарату өте маңызды», — дейді су шаруашылығы саласының мамандары.

Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 миллион текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал «Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 миллион текше метр су үнемделді. Бұдан бөлек, «Боралдай» су қоймасы салынады. Ауқымды жұмыстар арқылы өңірдегі 230 миллион текше метр су тапшылығы мәселесі тиімді шешілуде. Осы мақсатта облыс аумағында ауқымды жұмыстар істеліп жатыр. Аталған жобалар Түркістан облысының су ресурстарын басқарудың үнемді әрі табиғи моделі саналады.

Иә, Президент тапсырмасымен 2,5 миллиард текше метрге дейін су жинай алатын 20 жаңа су қоймасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Бірінші кезеңде Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан мен Жетісу облыстарында су қоймаларын салу жоспарланған.

«Бүгінде Түркістан облысында Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасы пайдалануға берілді. Бәйдібек ауданында Бәйдібек ата су қоймасының, Төле би ауданында Қарақуыс су қоймасының құрылысы басталды. Жаңа су қоймалары Қазақстанның оңтүстігіндегі құрғақшылықпен күресуге көмектеседі, шаруаларды судың қажетті көлемімен қамтамасыз етуге және еліміздің көрші мемлекеттердің су ресурстарына тәуелділігін 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді», — деді министрліктің ресми өкілі.

Бұдан бөлек, жаңа су қоймаларын қолданысқа беру суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға дейін ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, елімізде жалпы көлемі 1,9 миллиард текше метр болатын қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Биыл Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстары мен Астана қаласындағы алты нысанда реконструкция жұмыстары басталады.

Өңір басшысы «Жайлы мектептің» құрылысын қадағалады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданынына жұмыс сапарында Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептің тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы. Құрылысты «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС мекемесі жүргізуде.

Мектептің құрылысы былтыр тамыз айында басталған, биыл мектепті толықтай тапсыру көзделген. Учаскенің жалпы ауданы 2,8 гектар жерді құрайды. Ал ғимараттың жалпы ауданы – 5 700,0 шаршы метр.

Облыс әкімі мердігер мен осы салаға жауапты азаматтарға жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді ескертті. Бұл мектеп өзге білім ұяларына үлгі болып, оқушылар мен ұстаздарға жағдай жасалуы керектігін жеткізді. Мектепті білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарға алынады.

– Бұл жобаның жүзеге асуы – сіз бен бізге сын. Кәсіби мамандар жасақтауды тездетіңіздер. Ең бастысы, құрылыс мерзімінің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Осыны ұмытпайық. Сапаның ақсамауын қадағалаңыздар, – деп атап көрсетті Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. 29 жайлы мектептің құрылысы биыл аяқталады.

Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан (5 күн – қаралған қаржы 9,9 миллион теңге (курс ақысы мен іссапар шығынын қосқанда)  толық өтетін болады.

Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» алған түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр.    

Құрылыста отандық өнімге басымдық берілген. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорындар ашылды. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескеріледі.

Бәйдібек ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 3 жылда 29 пайызға өсіп, былтыр 61 миллиард теңгені құрады

Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Бұл ретте ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Бүгін Түркістан облсының әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен кездесуінде осындай ойлар мен ұсыныстар айтылды. Тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.

– Біз мемлекеттік бюджет есебінен инфрақұрылымды жақсартамыз. Бірақ әр ауданның өзіндік табысы, кірісі молаюы керек. Ол үшін өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту аса маңызды. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Ізденіс, талпыныс, ниет қажет. Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізуді тапсырды. Осыған орай өңірімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыттар ашылып жатыр. Бұл жұмыстар Бәйдібекте де жандануы тиіс. Аудан инфрақұрылымын жақсарту мақсатында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 1,7 миллиард теңге бөлініп, 10 елді мекенде 24 жоба іске асты. Жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1,3 миллиард теңгеге 199 жоба қаржыландырылды. Бұл жұмыстар жалғасады, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен басқарма басшыларына барлық бағытта индикаторларды орындау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Кейбір салалардағы кемшіліктерге тоқталып, тиісті шешім қабылдауды міндеттеді.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың есебі тыңдалды. Жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 3 жылда 29 пайызға өсіп, былтыр 61 миллиард теңгені құрады. Биыл 5 айда 15 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 14,7 пайызға өскен. Биыл 5 айда өзіндік кірістер 1,2 миллиард теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 49 пайызға артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2022 жылы 21 млрд. теңге болса, былтыр 27 миллиард теңгені құраған. 2024-2025 жылдары шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 24,9 миллиард теңгені құрайтын 12 жобаны іске асыру арқылы 254 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Ауданда түсті металл мен құрылыс материалдарының қоры анықталған. Осыларды игеру үшін тиісті ұсыныстар берілуде.

Бәйдібек ауданында алдағы жылдары жалпы құны 27 миллиард теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 182 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Оның ішінде өңдеу, туризм, агроөнеркәсіп, баламалы электрмен қамту және басқа да кәсіпкерлік салалары бар.

«Биыл негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 29,4 миллиард теңгеге жеткізу көзделсе, ауыл шаруашылығының өнім көлемін 40,9 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, ауданда халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, өткен жылы 3 184 жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Жұмыспен қамту шаралары биыл да өз жалғасын табатын болады. 2024 жылы 2 495 адам жаңа жұмыс орындарына жолданбақ. Биыл аудан бойынша жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Олардың ішінде аудандағы Ағыбет және Бәйдібек ата елді мекендерінде дене шынықтыру және сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Одан бөлек, Шақпақ ауылында спорт кешенін, Амансай ауылында мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Ұлттық қордан қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ, биыл аудандағы Боралдай елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізіліп, «Ұлттық жоба» аясында екі медициналық тірек пен екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек, 2024 жылы аудандағы 15 елді мекенде балалар және спорт ойын алаңшалары салынады», — дейді аудан басшысы.

Айта кетсек, аудан аумағында орналасқан 21 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Бүгінде 12 елді мекен мен 1 мөлтек ауданға газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, бүгінде аудандағы 50 елді мекеннің 44-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары биыл жалғасын табады.

Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым, спорт кешенін салу, электр қуатының сапасы және өзге де мәселелер бойынша өтініштерін айтты. Жеке қабылдауда да өзекті түйткілдер тарқатылып, барлық өтініш пен ұсыныс бақылауға алынды. Тиісті жұмыстар жүргізіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin