Түркістан облысы: Кентауда еріктілер арасында «плоггинг» шарасы ұйымдастырылды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясындағы тазалық жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Тазалық жұмыстарында Кентау қаласының тұрғындары да белсенділік танытуда.

Кентаудағы Хантағы ауылының тау баурайында қалалық «Жастар ресрустық орталығының» ұйымдастыруымен еріктілер арасында «плоггинг» шарасы өтті.

Айта кетейік, плоггинг — салауатты өмір салты мен экология қамқорлықты біріктіретін ұғым.

«Plogging» жүгір және тазала» акциясы 6 топқа бөлініп өткізілді. Онда әр топ мүшелері жүгіріп отырып, тау баурайы мен өзен-сулардың жағалауларын қоқыстардан тазаратты.

Акцияға белсенді қатысып, үздік атанған топтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, тазалық шарасына қаланың тазалығына жауапты мекеменің қызметкерлері де атсалысты.

Табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin