Түркістан облысының педагогтары заманауи білім беру бағытында тәжірибе алмасты

Биылғы облыстық «Тамыз кеңесі» 27 тамыз күні өткізіледі. Бүгін осы шара шеңберінде «Digital Kazakhstan: Жаңа заманындағы білім беру» тақырыбында секция жұмыстары жүргізілді. Маңызды жиында 26 секция өтті. Кеңеске 1000-ға жуық педагог қатысты. Басқосуда әртүрлі бағыт бойынша спикерлер баяндама оқып, өзара тәжірибе алмасты.

Конференция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллект технологиялары, білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Баршаға қол жетімді әрі сапалы білімді талқыған жиында мектептерді бірлесе дамыту стратегиялары, цифрлық білім беру ресурстары – білім сапасын арттыру құралы, заманауи білім берудегі «Lesson study» тәсілі көрсетілді. Біртұтас тәрбие – құндылықтар шыңы бойынша құнды ақпарат айтылды. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында әдістемелік жұмыстың заманауи жүйесін қалыптастыру тәсілдері» мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары сөз болды.

Сынып жетекшілері бала құқығындағы цифрлық сауаттылығын дамыту бойынша тәжірибесін ортаға салып, мектеп оқушыларының психологиялық әрекетінің семиотикасы мен мәдениеті, білім беру ұйымдарындағы тамақтануды ұйымдастыру, балалар кітапханасы – оқитын ұлт қалыптастыру жөнінде мәлімдеме жасалды.

Айта кетейік, секциялық отырыстың мақсаты – оқушылардың ойлауын қалыптастыруда компьютерлік сауаттылықты, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, заманауи талаптарға сәйкес жан-жақты даму мен оқытуға жәрдемдесу, табысты тәжірибе алмасу.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі цифрландырудың қазіргі басымдықтары жөнінде секциялық жұмыстар ұйымдастырылды. Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы сөз бастап, ТИПО жүйесінің бірнеше мәселелеріне тоқталып, алдағы оқу жылында ағымдағы жұмыстардан бөлек жасайтын нақты қадамдарға тоқталып өтті.

Кеңес барысында колледждер мен жұмыс берушілер арасында тығыз байланыс орнату жөні сөз болды. Әрбір макроөңірдің сұранысына сәйкес колледждерді бейіндеу жұмысы басталды. Министрлікке коллеждердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесін өзгерту ұсынылған. Бұл шара бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, оқу орындарын ынталандыруға және жұмыс берушілерді колледж қызметіне белсенді тартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан туындаған сұрақтарға уақтылы ден қою, тәуекелдерді бағалауға ерекше назар аударылды.

Студенттердің сабаққа қатысу бойынша, мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында басқармаға қарасты 25 мемлекеттік колледж өз қаржаты есебінен білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесі орнатылды. Нәтижесінде 2024 жылды FACE ID ақпараттық жүйесі басқармамен интеграцияланып толық автоматтандырылды.

Секция барысында қатысушылар бағдарламаға сәйкес жарыссөзге шығушыларды тыңдап, өз ой пікірлерімен бөлісті.

Цифрлық білім беру ресурстары арқылы білім сапасын арттыру құралдары ұсынылды

Педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицей ғимаратында Облыстық білім беруді дамыту орталығының 2024-2025 оқу жылы «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының «Digital Kazakhstan Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында дәстүрлі секция өткізілді.

Мектеп директорлары, ұйымдарының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысқан кеңесті Облыстық білім беруді дамыту орталығы «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі әрі модератор Роман Алтынбеков ашып берді.

Секция жұмысы барысында Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Серік Сатыбалдыұлының «Мемлекеттік бақылау шаралары» тақырыбына тоқталса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Гулназира Кошанованың «Білім беруде жасанды интеллект құралдарын пайдалану», Облыстық білім беруді дамыту орталығы «Педагогтерді кәсіби дамыту» кафедрасының әдіскері Тойшиева Жадыра Ыдырысқызы «Педагогтерді аттестаттауға дейінгі әдістемелік сүйемелдеу», Облыстық білім беруді дамыту орталығы «Педагогтерді кәсіби дамыту» кафедрасының әдіскері Тлеулиев Самат «Білім беру ұйымдарының педагогтерін курстан кейінгі қызметін әдістемелік сүйемелдеу» бойынша баяндамалары тыңдалды.

Секция қортындысында қаралған мәселелер бойынша толық ақпараттар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді. Кеңеске қатысушы педагогтер тарапынан кері байланыс жасалып, өз әсерлерімен бөлісті.

“Біртұтас тәрбие — құндылықтар шыңы” тақырыбында секциялық отырыс өткізілді

Бүгін тамыз кеңесі шеңберінде өткізілген секциялық жұмыстарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында көрсетілген құндылықтар кеңінен насихатталды. Білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтар бас қосып, спикерлердің “Біртұтас тәрбие- құндылықтар шыңы” тақырыбында баяндамалар тыңдалды.

Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінеді. Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Жиын барысында қолайлы білім беру ортасын құру және оның білім алушының мінез-құлқына әсері жайында сөз болды. Оқу-тәрбие процесінде қолайлы жағдай жасауда білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер басты рөл атқарылатыны түсіндірілді. Осыған байланысты, білім беру ортасын құру және қолдау, білім беру ұйымының қауіпсіздігін және абаттандыруды қамтамасыз ету, ынтымақтастық атмосферасын құрып, адамгершілік, әлеуметтік және мәдени ортаны бірігіп құру жайы айтылды. Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін нақты этикалық стандарттар орнату ұсынылды. Тәрбиеде құндылықтарды қалыптастырудағы негізгі бағыт-бағдарлар айқындалды.

Еркін форматта өткен кеңесте әріптестер ашық сұрақ қойып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Дарынды балаларды дамытудағы заманауи стандарттардың тетіктері айқындалды

Бүгін «Білім-инновация» лицей-интернатында «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбындағы облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысының бағдарламасы — 2024 атты секция жұмысы сәтті аяқталды. Секция жұмысына мамандандырылған білім беру ұйымдары басшыларының бейінді оқыту орынбасарлары, психологтар мен шығармашыл ұстаздардан құралған 50-ге жуық адам қатысты.

Аталған секция жұмысын Түркістан облысының білім басқармасының Мектепке дейінгі және білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы Биболова Әлия Танатқызы ашты. Ол өз сөзінде «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жөнінде жан-жақты тоқталып өтті. Мұндағы басты мақсат – облыс көлеміндегі дарынды да талантты баланы анықтап қана қоймай, оларға тұрақты қолдау көрсету болып табылады.

Осы бағытта «Дарын» орталығы бірқатар жұмыстарға мұрындық болды.

Дарынды оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне 2021 – 2022 оқу жылында — 363, 2022 – 2023 оқу жылында — 412, 2023 – 2024 оқу жылында 509 оқушы қатысты. Аталған сандардан тұрақты өсім байқалады.

Семинардың негізгі өзегі — жасанды интеллект тақырыбына арналды. Жаңа цифрлық технология және жасанды интеллект оқу процесіне қолдану ерекшіліктері талданды. Онда интернетті қолдану арқылы жасанды интеллектті оқуда тиімді пайдалану үрдісі қозғалды. Деректермен жұмыс, мәліметтер талдау, дәйіекті бағалу түрлері айтылды. Секция жұмысы барысында әртүрлі тақырыпта қызықты да құнды баяндамалар көптің көңілінен шықты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin