Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы: Әлем чемпионы мен атақты вайнер тазалық акциясына атсалысты

Қала әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес Түркістанда апта соңында тағы да тазалық шарасы ұйымдастырылып, сенбіліктің соңы көңілді флешмобпен аяқталды. Қ.А.Ясауи кесенесі мен Күлтөбе қалашығының аумағы, Жібек жолы саябағы, Отырар мөлтекауданында өткен тазарту жұмыстарына 1000-ға жуық адам қатысты.

 «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясындағы шараға қаладағы 6 сектор тұрғындары мен әкімдікке қарасты 14 мекеме қызметкерлері атсалысып, 13 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде қураған шөптер мен арық-атыздар тазаланып, 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ, панкратион спортынан әлем чемпионы Ержан Естанов пен шаһарымыздың қонағы Серғазы Тоқтарбек сенбілік жұмыстарына қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Шаһар халқына жылы лебіздерін білдіріп, түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыстарын айтты.

Бұдан бөлек Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары да «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды.

Шараға қала тұрғындары және шаһардың ерікті жастары атсалысты. Белсенді азаматтар топтарға бөлініп, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа түсті.

«Плоггинг» – салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым. Жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни бір оқпен екі қоянды ату дегенді білдіреді. Әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал үрдіс. Физикалық қимыл қозғалыспен жасалатын бұл акция қала тұрғындарының да көңілінен шықты.

Тазарту жұмыстары шаһардағы Президент саябағы мен Арыс-Түркістан су арнасының бойында ұйымдастырылып, аумақтары күл-қоқыстан тазаланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin