Түркістан облыстық кітапханасында Президенттің мақаласы насихатталды

Бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» тақырыбындағы мақаласын насихаттау мақсатында ғалымдар басқосуы өтті.

Жиынға тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын, филология ғылымдарының докторы, профессор – Сейдулла Садықов, тарих ғылымдарының кандидаты – Баян Адырбек, композитор, профессор – Бекжігіт Сердәлі, доцент, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – Гүлсара Тоққұлова, ұлағатты ұстаз зейнеткер – Несіпкүл Өтебаева, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім меңгерушісі – Ақтөре Қайрат және кітапхана директоры Жанат Шардарбекова, ұстаздар, оқырмандар және кітапханашылар қатысты. Сонымен қатар, облыс аумағындағы аудандық кітапхана директорлары да жиынға онлайн түрде қатысты.

Ғалымдар тарапынан бірқатар қолдау мен ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен Орталық Азия елдерінің ұлттық кітапханаларына зиялы қауым өкілдері және кітапханашыларының қатысуымен әдеби сапар өткізіп, еліміздің әдеби-мәдени тынысын таныстыруды қолға алу, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан елдеріне қазақ мәдениетін насихаттап, рухани байланыс орнату сынды ұсыныстар талқыланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin