Түркістан облысы: Маңызды нысан — «Кентау-сервис» жылу-энергия орталығы толық күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Бүгін Кентау қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Шара аясында журналистер 90 жылдық тарихы бар «Кентау-сервис» жылуэнергия орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Кәсіпорын 1934 жылы құрылып, қондырғылар 1952 жылы орнатылған.

Жалпы, орталықта 8 қазандық бар. Қазіргі таңда оның алтауы – күрделі жөндеуден, екеуі ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Биыл жылыту маусымында 4 қазандық толық іске қосылса, ал қалған 4 қазандық резервтік күйде болады. Бұл туралы орталықтың бас инженері Мұхтар Мұхитдинов мәлімдеді.

Сондай-ақ, Кентау қаласындағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелері мен 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, жылу орталығын басқару станциясы заманауи технологиялармен толық автоматтандырылып жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарына 220 адам жұмылдырылған.

Айта кетсек, қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне 14 мыңға жуық абонент қосылған. Оның ішінде, бюджеттік мекемелер саны — 108, жеке секторлы тұрғын үйлер саны – 2 295, көпқабатты тұрғын үйлер саны — 347, коммерциялық нысандар саны — 441.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin