Түркістан облысында орманды алқап құру мақсатында 500 мыңнан астам көшет егіледі

Түркістан іргесінен 42 000 гектар жерге «Жасыл белдеу» орманды алқабын құру жоспарланған. Жыл сайын мұнда миллиондаған ағаш көшеті отырғызылады. Өсіп жатқан ағаштардың дені — көпжылдық және қылқанжапырақты. «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мемкемесінің орман қоры 28 мың гектардан асады. Орман алқабы құрылғалы 5 жылдың ішінде бұл жерге 17 миллион ағаш отырғызылды.

 Оның тең жартысы — көпжылдық ағаш көшеттері де, қалғаны — сексеуіл. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің орманды алқабын арттырып, жасыл желекті көбейтуді, күтімін күшейтуді тапсырды.

Бүгінгі жиналыста кәсіпорнының аумақта орман шаруашылығын дамыту жұмысы туралы қаралды. Өңірдің орман алқабы Президент жария еткен елімізде 2 млрд ағаш отырғызу жобасына кіреді. Жоспар бойынша 18 870,5 мың ағаш көшеті отырғызылады. Оның 6 млн-нан астамы егілді. Биыл тағы 200 гектар жерге сексеуіл тұқымын себу жоспарланған.

Биыл көктемде түркістан облысында 500 мыңға жуық көшет егілді. Ал, күзгі науқанға 515 935 дана көшет егу жоспарлануда. Жалпы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. 800-ден астам елді мекенді көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.

Кей ағаштар көрші мемлекеттерден әкелініп отырғызылған. «Әрине, сырттан әкелген ағаштардың бейімделіп өсіп кетуі қиынға соғады. Бірден жерсініп кетпейді, ол үшін арнайы күтім керек», — дейді мамандар. Орман алқабына отырғызылатын ағаш түрлері алдымен сол жерге бейімдеу процесінен өтеді. Осы мақсатта өңірде заманауи тұқымбақтар ашылған. Заманауи тұқымбақта 576 шаршы метр жерге жылыжай орнатылған. Қазіргі таңда тұқымбақта барлығы 15 миллионнан астам ағаш-бұта көшеттері өсірілу үстінде.

Орайы келгенде атап өтер ақпарат, Түркістан қаласында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында мыңға жуық адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Қала әкімінің бекітілген кестесіне сай ұйымдастырылған тазалық шарасына қала тұрғындары, эко-белсенділер, ерікті азаматтар қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне үлестерін қосты.

Тазарту жұмыстары шаһардағы І.Қожабаев, Кенесары, Шаяхметов, Ә.Рысбеков, Семей көшелері мен I-II мөлтекаудандарында жүргізілді. Нәтижесінде аталған аумақтар қураған шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылды. 6 аумаққа бөлініп жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 15 техника жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстарына атсалысқан табиғат жанашырлары қаланың дамуы мен абаттандырылуына үлес қосу үшін, көшеге қоқыс тастамау арқылы туристік астананың гүлденуіне үлес қосуға үндеді.

Сонымен қатар бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері және өңір кәсіпкерлері кезекті рет сенбілік жұмыстарын атқарды.

Сенбілік барысында мекеме айналасын қоқыстан тазартып, әктеп, сырлау жұмыстары атқарылды. Көше бойын сыпырып, арамшөптер жұлынып, күл-қоқыстан тазартылды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында аудан-қалалардағы бизнес өкілдері кәсіпорын аумақтарын абаттандыруда белсенділік танытты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Санат Сапарбайдың айтуынша, барлығымыз тазалық жұмыстарына мән берсек, өскелең ұрпаққа үлгі боларымыз анық. Сондықтан, кез-келген жұмыс орындары мен кәсіпорындардың айналасын қоқыстан тазартудың маңыздылығы орасан, — деді ол.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin