Түркістан облысынан алғаш рет Тәжікстан Республикасына ет экспортталды

Түркістан облысынан Тәжікстан еліне алғаш рет ет экспортқа жөнелтілді. Осыған дейін Сайрам ауданындағы «Қайып ата» ЖШС мен Тәжікстан елі арасында 110 тонна ет экспорттау бойынша келісімшарт жасалған болатын. Бүгін 110 тоннаның 16 тоннасы жөнелтілді. Келісімшарт бойынша жұмыстар қыркүйек айынан басталды.

Аталған кәсіпорын еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып келеді. 2023 жылы Өзбекстан еліне 4500 тонна ірі қара етін экспорттады. Сонымен қатар Иран мемлекетіне 140 тонна ұсақ мал етін жөнелтті. Ал биыл 5000 тонна ірі қара мал етін экспорттауды жоспарлап отыр. Жыл басынан бері «Қайып ата» ЖШС Өзбекстан еліне 2 945 тонна сиыр етін және 12 тонна қой етін, Иранға 118 тонна қой етін экспорттап үлгерді.

Бұдан бөлек, «Қайып ата» ЖШС Аустралия елімен бірлескен 3 ірі инвестициялық жобаны қолға алмақ. Атап айтқанда, 2025 жылы Арыс қаласында 25 мың ІҚМ басына арналған бордақылау кешені іске қосыласа, 2025 — 2026 жылдары Сайрам ауданында «1500 басқа ірі қара малды сою және өңдеу» және «Мал сату биржасы» жобалары жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде жетекші орында тұр. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің — 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы — облыстың еншісінде.

Атап өтер маңызды жайт, ет экспорты жөнінен Түркістан облысы елімізде бірінші орында тұр. Аграрлық салаға көрсетілген мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында мал шаруашылығы тұрақты даму үстінде. Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 19 пайызы, өндірілген еттің 11 пайызы, сүттің 13 пайызы — өңірдің үлесінде. Бүгінгі таңда облыста 1 миллион 120 мың бас ірі қара мал, 5 миллион 34 мың бас қой, 474,7 мың бас жылқы, 43,9 мың бас түйе, 2 миллион 167 мың бас құс бар.

Облыста 7 айда 112,8 мың тонна ет, 280,2 мың тонна сүт, 143,6 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Ет экспорты бойынша Түркістан өңірі республикада көш басында келеді. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы облыстың еншісіне тиеді. Биылғы 7 айда 6,9 мың тонна ІҚМ, 4,7 мың тонна қой еті экспортқа шығарылды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту оң септігін тигізіп отыр. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде, 400 бастан 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 бірлік мал бордақылау алаңында 35 мың бас ІҚМ бордақылануда.

Ет экспортын арттыруда Сайрам ауданы кәсіпкерлерінің жұмысын ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, 8 айда «Тұран Агро Ет-Сүт» АШӨК-і 3500 тонна сиыр етін және 1560 тонна қой етін Өзбекстан еліне экспорттаса, «Қайып ата» ЖШС 2 945 тонна сиыр етін және 12 тонна қой етін Өзбекстанға, 118 тонна қой етін Иранға экспорттады. «Қайып ата» ЖШС Тәжікстанмен 110 тонна ет экспорттау бойынша келісімшарт жасады. Экспорт осы айдан бастап жүзеге асырылады.

Республикалық делегацияның Австралия еліне жасаған іссапары қорытындысымен жалпы құны 55,2 миллиард теңгеге 5 ірі инвестицялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Соның ішінде «Қайып ата» ЖШС 3 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ.

Атап айтқанда, 2025 жылы Арыс қаласында 25 мың ІҚМ басына арналған бордақылау кешені іске қосылады. Ал 2025-2026 жылдары Сайрам ауданында «1500 басқа арналған ірі қара малды сою және өңдеу» жобасы мен «Мал сату биржасы» жобасы жүзеге асырылады.

Тұтастай алғанда, жеті айда Түркістан облысында 648,1 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Түркістан облысының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар. Облыста 648,1 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6 % құрады.

Өңірде өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 45% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 291,9 миллиард теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі – 111,6 %, өнім көлемі 301,5 миллиард теңгеге жетіп отыр. Индустрияландыру картасы аясында өңірде өнеркәсіп әлеуетін көтеруге мүмкіндік беретін 13 жоба жоспарланған. Оның ішінде 7 жоба іске қосылды.

Биылғы 7 айда өңірде 11 571,4 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 106,6%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметі 260,4 миллиард теңгені құрады. Байланыс қызметтерінің көлемі 5,6 миллиард теңгеге жетті.

2024 жылғы 1 тамыздағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 210 мыңға жуықтады. Облыс экономикасын дамытуға 499,3 миллиард теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,9%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі 198,5 миллиард теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119%-ды көрсетті. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы – 460,9 мың шаршы метр.

Биылғы 1 тамыздағы дерек бойынша облыстың кіріс көздері арқылы бюджетке нақты 143,6 миллиард теңге түсім түсті. Орындалуы – 105,4%.

Өңірде халық саны 2 150,8 мың адамды құрап, 2023 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 1,6 мың адамға немесе 1%-ға өскен.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin