Түркістан облысы: Ордабасы ауданының Жеңіс ауылында «Ауылым — алтын бесігім» фестивалі ұйымдастырылды

Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым — алтын бесігім” өнер фестивалі Жеңіс ауылдық округінде жалғасын тапты.

Жеңіс ауылының ардагерлері аудан орталығында болып, Темірлан монументі, Шәмші Қалдаяқов атындағы аллея, «Этноауыл», «Темірлан» спорт кешенінің құрылысы, Самал-3 мөлтекауданындағы коммуналдық тұрғын үй құрылысы мен Аббасов көшесі бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысып, Құртай каналы бойындағы демалыс аймағын аралады.

Арнайы ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдері, қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.

Ауыл ақсақалдарына арналып әзірленген мерекелік дастарқан басында аудан әкімі ауылдың тыныс-тіршілігімен қоса, зиялылардың ел әлеуетін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ел ағаларының батасын алды.

Аудан әкімі Азат Оралбаев жеңістіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның 60 жылдығы аясында ел игілігіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.

Шара мерекелік концертке ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin