Шымкент: Самарқанд театрының «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы сахналанды

Loading

Шымкент қаласында өтіп жатқан Орталық Азия елдері театрларының ІX Халықаралық фестивалі көрермендерді тамаша қойылымдармен қуантуды жалғастыруда. Бүгін Самарқанд облыстық музыкалық драма театры көрермендерге Әлішер Науаидің мәңгілік махаббат дастаны – «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын ұсынды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Асқар Холмуминов осы туынды арқылы көрермендерге мәңгілік махаббат пен қайғы-қасіретке толы трагедиялық-метафоралық хикаяны шынайы жеткізуге тырысты.

Бұл қойылым көрнекті Шығыс әдебиетінің асыл мұрасы саналатын «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының құдіретін жаңаша ашып, Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдық мерейтойына арналып қойылды. Ұлы шайырлар – Дехлеви, Жәми, Науаи, Физулиге шабыт берген, махаббаттың мәңгілік және қайғылы болмысын ашқан дастанның мазмұны көрермендерге терең әсер қалдырды.

 

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You