Түркістан облысы: Сауран ауданында күзгі көшет егу жұмыстары аяқталды

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Сауран ауданында күзгі көшет егу жұмыстары аяқталды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл желектерді көбейту және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды нығайту.

Сауран ауданына күзгі көшет егу жоспарына сәйкес, 26300 көшет берілді. Оның ішінде 24300 қараағаш және 2000 өрік көшеті дайындалып, ауданның барлық ауыл округтері мен мемлекеттік мекемелеріне бөлініп, үлестірілді. Көшеттерді дұрыс егу, оларды күтіп-баптау арқылы ауданның экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында жергілікті тұрғындар мен мекемелер белсенді түрде атсалысты.

Берілген көшеттердің басым бөлігі – қараағаш тұқымдары. Бұл ағаш түрі ауа тазартуға, топырақтың құнарлылығын арттыруға және климаттық жағдайларды жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар қараағаштың көлеңкесі жаз айларында тұрғындарға қолайлы жайлылықты қамтамасыз етеді.

Өрік көшеттері де ауданның ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқармақ. Өрік ағашы – ауданның климатына жақсы бейімделіп, жеміс беретін ағаш түрі. Осылайша, күзгі көшет егу жоспары тек экологиялық ахуалды жақсартуды ғана емес, ауыл шаруашылығын дамытуға да оң ықпал етеді.

Қоршаған ортаны қорғау және жасыл желек аймақтарын көбейту мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шаралардың болашақта аудан экологиясына үлкен пайда әкелетіні сөзсіз. Жасыл желектерді көбейту, ауаның тазалығын сақтау және табиғатқа деген қамқорлықты арттыру маңызды қадамдар болып саналады. Сонымен қатар бұл бағдарлама халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, қоғамда табиғат қорғау мәселесіне деген жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізде болса, қарашаның 25-індегі Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте күзгі ағаш егу науқаны мен «Жасыл белдеуді» дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланған-ды. Өңір басшысы облыстың елді мекендерін көгектарлдандыру, күтіп-баптау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

– Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егер де суғару жүйелері жоқ болса, онда ағаш отырғызудың қажеті жоқ. Тұрақты суғарып, күтім жасау керек. Егілген ағаштар жерсіне ме жоқ па соны да қадағалап, осы іспен айналысыңыздар. Бүгінгі күнге дейін қанша ағаш егілді? Оның ішінде қаншасы өнгені туралы мәлімет әзірленіп ұсынылсын. Сондай-ақ «Жасыл белдеуді» ұлғайту мен көгектарлдандыру жұмыстары күшейтілсін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында республика бойынша елді мекендерде 15 миллион көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Осыған байланысты «Түркістан облысының елді-мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған Кешенді іс-шара жоспары» бекітілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдарда 51,6 мың гектар жерге 78 миллион дана көшет егілді. Сондай-ақ, облыста 350 гектарды құрайтын 10 уақытша тұқымбақта 35 миллионнан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшеттер санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жоспарға сәйкес, облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 2024 жылдың көктем айларында 491 106 түп көшет егілді. Биылғы жылдың күз айында 467,5 мың түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Бүгінгі таңға 438 970 түп көшет босатылды.

Орман шаруашылығы мекемелерімен 2024 жылдың күзі мен 2025 жылдың көктеміне жоспарланған көшеттерді босатуға толықтай мүмкіндік бар. Көшеттерді тарқату бағытында жұмыстар жалғасуда.

Жалпы, Түркістан қаласының айналысынан қазіргі таңға жасыл белдеу құруға 30 000 гектар жерге мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылуда. Биылғы жылдың күз және 2025 жылдың көктем айларында «Жасыл белдеу» аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары 17 019 гектар жерде атқарылады. Негізгі басым жұмыстар Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған «Жасыл белдеудің» 8 185 гектар аумағында жүргізілмек. Бұл жерге толықтыру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Оған мекеменің тұқымбағындағы Түркістан қаласы аумағына жерсінген көшеттер пайдаланылады. Сонымен қатар басқармаға қарасты мекемеде 120 гектар жерге заманауи орман тұқымбағын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 47 гектары тұрақты пайдаланылуда. Орман тұқымбағында 21 түрлі ағаш-бұта көшеттері өндірілуде. Атап айтсақ, онда ағаштардың қылқан жапырақты 5 түрі, жапырақты 11 түрі және бұта тектес ағаштардың 5 түрі бар. Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеуге және қаланы көгектарлдандыруға бір жылда 2,5 миллион түп әртүрлі ағаш-бұта көшеттері мен 150 мың түп бір және көпжылдық гүл көшеттері қажет. Осы орайда, жаңадан құрылып жатқан тұқымбақтың 120 гектар жерін «Жасыл аймақ» КММ-нің теңгеріміне алу үшін Сауран ауданы әкімдігінен жерді заңдастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта орман тұқымбағының 120 гектар жер көлемі ұлғайып, толық игерілген жағдайда, жылына 14,3 миллион түп көшет өсіріледі деп күтіліп отыр.

Атап өтер жайт, Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күзгі тал егу, тазалық жұмыстары қарқынды жалғасуда. Экологиялық шара аясында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, облыс орталығында әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, 240 гектар жерге түрлі ағаш көшеттері отырғызылған. Олардың қатарында боз арша, жай арша, қарағаш, терек, айлант, жиде, тұт, бадам секілді көшет түрлері бар.

Аталған шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринария басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесінен жалпы 3 мыңнан аса адам қатысып, 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгектарлдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес облысымызда күз және көктем мезгілдерінде ағаштар егу дәстүрге айналып келеді. Тереңдігі мен тамырының орналасуы бақылауда. Ауа райының ерекшелігін есепке алып, ағаштардың жерсіну көрсеткішін арттыруға жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қала айналасынан жасыл желекті алқап құрылған болатын. Бүгінгі таңда «Жасыл белдеуде» толықтыру және күтіп-баптау, қала аумағын тазалау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда, – деді басқарма басшысы Қайрат Абдуалиев.

Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, күзгі көгалдандыру жұмыстары қараша айының ортасында басталған болатын. Бұл жұмыстар 1 желтоқсанға дейін жалғасты. Сонымен қатар биыл күз айларында өңірде 467 мың түп көшет егілді.

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгектарлдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бөлінген 21 мың түп ағаш кезең кезегімен егілді. Аталған жұмыстар Шорнақ, Ескі Иқан және Шаға ауылдық округтерінде жүргізілді. Маусымдық ағаш отырғызу науқанына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жалпы аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шараға 5 бірлік техника мен 400-ге жуық адам қатысты. Белгіленген аумаққа арнайы тал егіліп, арықтар қазылып, 8 мыңнан астам тамырлы көшеттер отырғызылды. Күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, ауданды жасыл-желекке айналдыру жұмыстары жүргізілді.

Сауран ауданында “Таза Қазақстан” республикалық шарасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде атқарылды.

Биыл күзгі ағаш егу науқанында ауданның климатына сай келетін түрлі 25 мың түп ағаш егу жоспарланған болатын. Игі шараға Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Сауран ауданына 25 мың түп ағаш берілді. Оның 20 мың данасы қарағаш, 3 мың данасы шаған және 2 мың дана жеміс ағашы жерсіндірілді.

Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы аудан тұрғындары қатысты. 5 бірлік техника, 130-ға жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік барысында арықтар қазылып, белгіленген аумаққа арнайы тал егілді. Ауданда күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, жасыл-желекке айналдыру жоспарланған болатын.

Айта кетейік, аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin