Түркістан облысы: Сауран ауданы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде 1-орын тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанды

Түркістанның Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай өңірде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл да жалғасты. Облыс орталығында фестиваль қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаз және жүлдегер аудандарды марапаттады.

– Биыл Түркістан облысының құрылғанына алты жыл толып отыр. Атауы мыңжылдықтарға кеткенмен, құрылымы жаңа біздің өңір үшін бұл уақыт жаңару мен дамудың кезеңіне айналды. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы тапсырмасы аясында арнайы заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауында жатыр. Бұл біздің өңірге жүктелген мәртебелі міндет, жоғары жауапкершілікті талап ететін бастама болып отыр. Бұл игілікті істердің жүзеге асуына мәдениет мамандарының да қосар үлес зор болмақ. Дәстүрлі ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту болды. Аудан, қаладан келген өнер ұжымдары, талантты жастар ұлттық құндылықтарымыз бен заманауи өнердің тамаша үйлесімін көрсете білді. Мен осы орайда, аталған фестивалге үлес қосып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен баршаңызға алғысымды білдіремін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге ие болған Сарыағаш ауданынының өнерпаздарына арнайы дайындалған «Өнерлі өлке» статуэткасы тапсырылды. І орынды Сауран мен Созақ ауданы, ІІ орынды Ордабасы, Қазығұрт және Жетісай ауданы, ІІІ орынды Түлкібас пен Отырар ауданы және Түркістан қаласы иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер аудандарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді.

Бұдан бөлек арнайы жүлделер тапсырылды. Фестивальге қатысқаны үшін диплом Сайрам мен Бәйдібек, Төлеби аудандарына берілді. Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Кентау қаласы, «Туған жер — алтын бесігім» жүлдесімен Арыс қаласы, «Ауылым – алтын тұғырым» арнайы жүлдесімен Мақтаарал ауданы, «Өнерлі өлке» арнайы жүлдесімен Шардара ауданы, «Мәдениетім мерейім» арнайы жүлдесімен Келес ауданы марапатталды.

Шара барысында «Ауыл – мәдениеттің бастауы» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында өткен облыстық байқауының жеңімпаздары мен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында облыс тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырған мәдениет саласының қызметкерлеріне ұйымдастыру комитетінен берілген алғыс хаттармен бірқатар мәдениет қызметкерлері марапатталды. Биыл қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Аталған шараға спортшылардан бөлек, облыс өнерпаздары да атсалысты. Онда үздік қолөнер шеберлері өнімдерін ұсынып, ақындар айтысы, салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымдар сахналады. Өңірдің туристік әлеуеті таныстырылады. Концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шара барысында өткен «Ауыл – мәдениеттің бастауы» байқауында да Сауран ауданы табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, ауылдық клубтар арасында Шаға ауылдық клубы ІІ орын алса, ауылдық мәдениет үйлері арасында Жүйнек ауылдық мәдениет үйі ІІ орынды, ал Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі ІІІ орынды иеленді.

Сауран ауданының мәдениет саласындағы жетістіктері өңірдің дамуына зор үлес қосып, алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндігіне сенімдіміз. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Фестивальде қазылар алқасы бірнеше талаптар бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Қылқалам, қолөнер шеберлерінің, ұлттық тағамдардың көрмелері, аудан, қаланың тарихына, жетістігіне арналған және кітап көрмелер, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа арналған театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, дәстүрлі өнерге арналған концерттік бағдарламалар, көше театры сияқты халық театрының қойылымдары, ұлттық спорттық ойындар, аудан, қала өнерпаздарының гектарла-концерті, көрермендердің іс-шараға тартылуы, әр қала, ауданның фестивалді ұйымдастыру деңгейі назарға алынды.

Айта кетейік, фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының өнерпаздары ашқан болатын. Шара ұлттық өнерімізді дамыту және Түркістанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған фестиваль маусым-қазан айлары аралығында Түркістан қаласында әр аптаның жұма, сенбі күндері өтті. Онда аудан-қалалардан келген өнер ұжымдары түркістандықтар мен қала қонақтарына өнер көрсетті. Одан бөлек, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды.

Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай өткізілетін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Иә, жыл сайын өткізілетін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваліне биыл өзгерістер енгізілді. Аудан, қала өнерпаздары былтырғыдай үш күн емес, екі күн бойы облыс орталығында өнер көрсетті. Сондай-ақ, ауарайына байланысты арнайы бекітілген кестеге сәйкес екі кезеңде өткізілді. Тамыз айының 14-інен бастап қалған аудан, қала өнерпаздары қыркүйек айының соңына дейін жалғастырды. Алғашқы күні «Этноауыл» кешенінде өнерпаздар салт-дәстүрлерден көріністер, қолөнершілер көрмесі, ұлттық нақыштағы қойылымдар қойып, ұлттық ойындардарды насихаттаса, келесі күні көпшілік назарына «Керуен сарай» аумағында гала-концерт ұсынылды.

Мерекелік іс-шаралардан бөлек, күз айларында отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» халықаралық конференциясы, республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы, сонымен қатар Республика күні қарсаңында дәстүрлі «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндерін орындаушылар байқауы өткізілді.

Облыстық кітапханада барлық аудан, қалаларында оқырманды кітап оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемді кітап арқылы танимын», «Бір ел – бір кітап», «12 айда – 12 кітап», «Ақылдыммен ақылдымын», «Оқырман іздейміз» жобаларының қорытындысы өткізілді. Қазан айында «Тілді оқытудағы өзекті мәселелер» республикалық әдістемелік семинар ұйымдастырылып, семинарға республикалық «Тіл қазына» орталығының мамандары мен осы саланың білікті сарапшылары шақырылды.

Орайы келгенде атап өтерлігі, Түркістан облысында қазіргі таңда жалпы 11 мәдениет нысаны салынып, 6-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 мәдени нысанның құрылысы мен 6 клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеген болатын.

«Облыс бойынша 704 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның 681-і аудан-қала әкімдіктеріне, 23-і мәдениет басқармасына қарасты. Одан бөлек, биыл 7 айда үш кәсіби театрда 183 спектакль қойылды. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде 150 концерт және мәдени шаралар өткізілді. Ал басқармаға қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесінде 137 бейнеролик, 38 әлеуметтік және деректі бейнефильм дайындалды. Сонымен қатар, облыста қызмет көрсететін 24 музейге 225 472 адам келген. Соңғы жеті айда облыс кітапханаларында оқырмандар саны 279 646-ға жетті. Өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Өнерлі өлке», «Voice of Turan» сынды мәдени іс-шаралар биыл да өз жалғасын таппақ. Жыл сайын дәстүрге айналған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл да сәтті болды» — дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Түркістанда «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаз мәдениет ошақтарын Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров марапаттап, байқаудың мақсаты мен өту барысындағы басымдықтар мен кемшіліктерге тоқталды. Бұл туралы Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 4-11 қараша аралығында өткен байқауға жалпы 200-ге тарта ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар бақ сынады. Оған Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мейіржан Алиакбаров пен осы орталықтың «Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Мұрат Жұманов пен мәдени ұйымдастырушы маманы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Зағипа Өмірзақова қазылық етті. Байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес қазылар алқасы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысын жақсартуға байланысты барлық мүмкіндікті бағалай отырып, былай қорытынды шығарды.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен ауылдық мәдениеті үйлері бойынша бас жүлде Сарыағаш ауданы «Дихан баба» ауылдық мәдениет үйіне бұйырды. Жүлделі І орынды Созақ ауданы «Таукент» кенті мәдениет үйі және Шардара ауданы «Көксу» ауылдық мәдениет үйі иеленді. Ал жүлделі ІІ орынды Сауран ауданы «Жүйнек» ауылдық мәдениет үйі мен Отырар ауданы «Балтакөл» ауылдық мәдениет үйі қанжығаларына байлады. ІІІ орынды Созақ ауданы «Қыземшек» ауылдық мәдениет үйі, Сауран ауданы «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйі, Созақ ауданы «Созақ» ауылдық мәдениет үйі және Мақтаарал ауданы «Кеңесшіл» ауылдық мәдениет үйі иеленді.

Ал ауылдық клубтар бойынша бас жүлдені Түлкібас ауданы «Түлкібас» кент клубы иеленді. I орынды Арыс қаласы «Жиделі» ауылдық клубы өз қанжығасына байлады. Жүлделі II орын Сауран ауданы «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубына және Түлкібас ауданы «Мыңбай» ауылдық клубына бұйырды. Жүлделі ІІІ орынды Төлеби ауданы «Бейнеткеш» ауылдық клубы, Жетісай ауданы «Кетебай» ауылдық клубы, Арыс қаласы «Байырқұм» ауылдық клубы, Сауран ауданы «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубы иеленді.

Бұдан бөлек, үздік деп танылған ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарына арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, аталмыш байқаудың мақсаты халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсартуға, мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру мен халық шығармашылығын дамытуға және ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin