Түркістан облысы: Келес ауданында еліміз бойынша ең ірі жылыжай кешені салынып жатыр

Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешені Келес ауданында бой көтеріп келеді. Бұл жылыжай қазақстандық инвесторлардың, Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) қатысуымен және ресейлік «ЭКО-культура» холдингінің зияткерлік және технологиялық қолдауымен құрылған. Жедел басқаруды орталықтандырылған қазақстандық басқарушы компания жүзеге асыратын болады.

Таяуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-не барып, компанияның өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы бұл жобаның аса маңызды екенін айтып, аймақта агроөнеркәсіп кластері дамитынын жеткізді. Жобаны жан-жақты қолдауға дайын екендігін атап өтті. Сонымен қоса, өңір басшысы жылыжайдың құрылыс жұмыстарының барысын да бақылады.

Осы жобаны іске қосу арқылы өңірде ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын көтеру міндеті жүктелген. Бұл әріптестік жоба агросаланы дамытуға серпін беріп қана қоймай, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен, жоғары жалақымен қамтымақ.

500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжайлар жобасы «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен жүзеге асады. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылуда. 1 кезеңінің құрылысы 2023 жылы басталды. 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады. Ал екінші кезеңінің құрылысы 2025 жылдың ІІІ тоқсанында тапсырылмақ.

Жылыжай кешенінің жалпы ауданы 51,88 гектарды құрайды. Салынып жатқан нвестициялардың жалпы көлемі 42 миллиард теңгеден аспақ. Жоспарланған өндіріс көлеміне келсек, жоба толық жүзеге асқанда жылына 27 мың тонна көкөніс өсіреді. Мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Жылыжай кешенінің бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен, мұнда бір уақытта әртүрлі қызанақтың және басқа да дақылдардың 12 буданы мен сұрыбын өсіруге болады. Жылдың кез келген уақытында жаңа, дәмді және пайдалы көкөністер береді. Нарықтағы сұранысқа сай өнім түрін және көлемін өзгерту мүмкіндігі бар.

Заманауи жылыжай кешендері жылыту жүйесі мен салқындатуды реттейтін, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталады деп жоспарланған.

Қателеспесек, Түркістан облысында 1640 гектарға орналасқан 3366 жылыжай бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген талдаудың нәтижесінде, өңірде бүгінге дейін көмір тапшылығы анықталмады.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін тәуекелдер сараланды.

Жиында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жылыжай шаруашылықтарының жылыту шығындарын субсидиялау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 29,4 гектар — өндірістік, 863 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілген.

Жиында «Hermes» ЖК басшысы Әлішер Насыров көмір тасымалы барысында теміржол тұйықтарына қатты отынның көрсетілген көлемі нақты жеткізілмеу деректері орын алатынын айтып өтті.

Нұрбол Тұрашбеков өндіруші, тасымалдаушы және жеткізуші кәсіпкерлердің уәждерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.

— Бізге жүктелген ортақ міндет — тұтынушыға тапсырыстың түгел және кешікпей жеткізілуін қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» АҚ өңірлік филиалдарына станциялардағы күзет қызметін күшейтуді ұсынамын. Қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларының санын арттырған жөн. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне өз құзіреті шегінде теміржол тұйықтарына жеткізілетін қатты отынның көлемі мен сатылуына кешенді бақылау жүргізу ұсынылады. Бақылау қорытындысына сәйкес заң аясында нақты шаралар қабылданатын болады, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Жиын соңында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына өңірдегі қатты отын тасымалы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, күнделікті мәлімет ұсыну жүктелді.

Жалпы, Келес ауданында жыл басынан бері 10 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жалпы құны 3,8 миллиард теңгені құрайтын инвестиция тартылды. Нәтижесінде 235 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл туралы түнеугүні Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша көрсеткіштер жыл өткен сайын артып келеді. Атап айтқанда жалпы өңірлік өнім көлемі өткен 10 айдың қорытындысымен 86,5 миллиард теңгеге жетті. Аталған саладағы жылдық жоспар 110,7 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы өнімінің көлемі жыл басынан бері 61,7 миллиард теңгеге жетті. Ал, аудан экономикасының негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылы 21,2 миллиардтеңгені құраса, 2024 жылы 32 миллиардтеңге жоспарланып, 10 ай қорытындысына сәйкес 24,3 миллиард теңгеге жетті.

Аудан аумағында жалпы 26 мың гектар суғармалы егіс алқаптары орналасқан. 2024 жылы Келес ауданы бойынша жалпы 22 871,5 гектар егіс егілді. Жаңа технологияларды енгізу және ағын суды үнемдеу мақсатында 2024 жылдың 10 айында 1300 гектар жерге жаңбырлатып суғару әдісі енгізілді.

2025 жылы жалпы құны 62,75 миллиард теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны іске асырылып, 1740 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облыста «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында Келес ауданында жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарланып, 2023 жылы 3 мектептің құрылыс жұмыстары басталған. Оның ішінде Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға тапсыру көзделген.

 Сонымен қатар Жәнібек Есенұлының сөзіне сүйенсек, аудандағы инфрақұрылым саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі 83 елді мекеннің 59-ы табиғи газға қосылған. Бұл тізім 2025 жылы тағы 4 елді мекенмен толықпақ. Сондай-ақ, өңірдегі 64 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін Құйған, Қияжол және Бірлік елді мекендерін де осы қатарға қосу көзделіп отыр. Ал, ауыз сумен қамту көрсеткіші 71,1%-ға жеткен.

Ауыз су демекші, жуырда ғана Келес ауданының Жамбыл ауылдық округіне қарасты Майдабозай ауылында жаңа су нысаны халық игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

— Майдабозай елді мекенінде жаңа су нысаны ел игілігіне табысталғалы тұр. Осы орайда 41 үй, 409 тұрғын сапалы тіршілік нәріне қол жеткізіп жатыр. Жауапты мамандарға жұмыстың сапалы болып қажетті суды толық жеткізіп беру міндеттелді. Су — тіршілік көзі! Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, алтыннан құнды. Сондықтан құрметпен және қамқорлықпен қарайық. Табиғат берген сыйды сақтап қалайық, — деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.

Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша жалпы 83 елді мекеннің 59 елді мекені ауыз сумен қамтылған. 10 елді мекенде жер асты суын іздеу барлау жұмыстары және аудан аумағында су нысандарын реттеу, су шаруашылығын тиімді жүргізу, каналдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.

Қазіргі таңда «Келес Қызмет» КММ тарапынан аудан көлемінде 23 елді мекенге ауыз су беріледі. Келес ауданының елді мекендерін қосымша таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Зах каналынан магистралды су құбырын, су тазарту арқылы нысаны бойынша жобалау-сметалық жұмыстары жүруде.

Айта кетейік, Түркістан облысында Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Облысқа жыл басынан 888,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты. Ал жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 миллион АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына іссапарында кәсіпкерлік және білім нысандарының жұмыстарымен танысты. Абай ауылында орналасқан жиһаз цехына барды.

2006 жылы өз жұмысын бастаған цех үйде қолданатын және асханаға арналған жиһаздар өндірісін жолға қойып, облыс аумағын қамтамасыз етуде. Сұранысқа байланысты айына 200 жиһаз жасап шығарады. Жоба құны – 250 миллион теңге. Цех аумағы 0,15 гектар жер учаскесінде орналасқан. Қазіргі уақытта цехта 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жұмысшылар жалақысы – 250-400 мың теңге аралығында.

– Облыста жиһаз кластерін дамыту жұмысы қолға алынды. Біздің өңірдің кәсіпорындары елімізді ғана емес, шетелдерге де жиһаз экспорттауға қабілетті болуы тиіс. Оған мүмкіндік бар, – деді Дархан Сатыбалды.

Кәсіпкерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдаған облыс әкімі осы бағыттағы шағын кәсіпорындарды көбейту керектігін айтты. Жауапты басшылар мен аудан әкіміне осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар атап өтер тағы бір мәселе, Түркістан облысында ауылдар мен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік нысандармен қамту жұмыстары жалғасын тауып келеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында бірнеше әлеуметтік нысанның құрылыс барысын қадағалады. Келес аудандық «Абай» ауруханасы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан облыс әкімі жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты сын айтып, шұғыл түрде ретке келтіруге уақыт берді. Ішкі әрлеу жұмыстарын өзгертіп, жұмысқа жанашырлықпен қарауды ескертті. Сапаның сақталуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Бастысы – құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда жауапты компанияларға шара көріледі.

– Осы құрылыс басталмай тұрып, проблемасы бітпеп еді, әлі солай. Бір мердігер кетіп тынды, екіншісінің тірлігі мынау. Көтере алмайтын шоқпарды белдеріңізге байлап нелеріңіз бар? Атүсті жүріп, жұмыс істеген соң сапа да оңбайды. Ең арзан құрылыс материалдарын пайдалануды қою керек. Бұл –аурухана! Мұндай қаражатқа жаңасын салуға болады. Біреу кедергі келтірсе, маған айтыңыз! Бірақ, уақытында және сапалы тапсырылсын, – деді Дархан Сатыбалды.

Аталған аурухана – 200 төсек-орындық. Мұнда 63 дәрігер, 260 орта буын қызметкері бар. Ғимарат көлемі – 7879,5 шаршы метр. Тапсырыс беруші – «Абай» Келес аудандық ауруханасы ШЖҚ МКК. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Абай ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 600 орындық мектеп салынуда. Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna» АҚ. Құрылыс жұмысы жұмысы 2025 жыл аяқталады деп көзделген. Жалпы сметалық құны – 4,8 миллиард теңге.

Облыс әкімі мектеп құрылысына қатысты ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Созбалаңға салмай, сапалы атқаруды тапсырды.

Одан кейін Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы спорт кешенінің құрылысын тексерді. Аталған нысанның жер аумағы – 1,5 гектар. Құрылыс 2023 жылдың маусым айында басталған. Мұнда спортты дамытуға қолайлы жағдай жасалмақ.

Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына жұмысты жүйелі әрі жауапкершілікпен атқаруды жүктеді. Құрылысты кешіктіргендерге заң шеңберінде шара көрілетінін ескертті.

Қорыта айтқанда, бүгінде Келес ауданында 5 медициналық, 4 білім нысанының құрылысы жүруде. Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы тиісті сала басшыларымен бірге аудан көлемінде құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Ел игілігіне қызмет көрсетуге арналған ғимараттарды сапалы әрі мерзімінде тапсыру қажеттігін мердігерлерге ескертті.

— Ағымдағы жыл өңір үшін маңызды кезең болды. Ел сұранысын қанағаттандыру, шалғайдағы ауыл тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен, әлеуметтік нысандармен қамту бағытында ауқымды шаралар қолға алынды. Жиделі ауылында мәдениет үй мен мектеп құрылысы жүргізілсе, Көгерту елді мекеніндегі көптен бергі өзекті мәселеге айналған білім ошағы жаңа нысанға ауысты. Сонымен қатар, Бірлік, Жаңадәуір, 28 Гвардия, Ынтымақ және Береке ауылдарында жәрігерлік амбулатория салынып, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Әрбір әлеуметтік нысан жергілікті тұрғындар үшін айрықша маңызға ие. Сондықтан нысандарды сапалы етіп құру басты міндеттердің бірі болып табылады, — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Айта кетейік, бүгінде Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, өңірдені 5 елді мекенде заманауи үлгіде медициналық нысанның құрылысы осы жылдың соңында аяқталуы көзделген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin