Түркістан облысы: Мақтаарал ауданындағы индустриалды аймақта жаңа өндіріс орындары ашылып, мақта кластері дамып жатыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түнеугүні жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен кеңінен танысты. Ең алдымен облыс әкімі ауданның индустриалды аймағында орналасқан тамшылатып суғаруға қажетті құрал-жабдықтарды және тұқымдық шитті өндіретін «BEGASH» ЖШС-на қарасты қос бірдей зауыттың құрылыс жұмыстарын көрді.

Тамшылатып суғару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 миллиард теңгені құрап, 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Ал мақта тұқымын өңдеу зауытының құны да 1,5 миллиард теңгені құрап, 17 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі жоба да 2025 жылы іске қосылады деп межеленген.

– Индустриалды аймақтың жұмысын жандандыру керек. Жаңа жобалармен толықтырыңыздар. Су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы бастамаларды қолдаймын. Мақта сортын жақсарту, сапасын көтеру мәселесі де өзекті. Ауданның даму жоспары жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындарын көбейту керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы индустриалды аймақта мақтааралдық шаруалар мен шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесті. Ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту жолдары айтылып, мемлекеттік қолдаулар туралы мағлұматтар берілді.

Ауданның индустриалды аймағынан жақында ғана Орталық Азияда бәсекеге қабілетті «Жанасыл» мақта өңдеу зауыты ресми түрде іске қосылған болатын. Кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Бүгінде зауыттың Мақтаарал мен Жетісай аудандарындағы 13 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Жиын-терім науқаны басталғалы 41 мың тонна ақ алтын жинап үлгерген. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттап жатыр.

Мақтаарал ауданының индустриалды аймағының жалпы жер көлемі 24,2 гектарды құрап, қазіргі таңда жалпы 5,45 миллиард теңге көлемінде 4 инвестициялық жоба іске асырылған. Алдағы уақытта 2 миллиард теңге көлемінде тағы 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2025 жылы іске қосылмақ.

Осы тұрғыда атап өтер жағымды жаңалық, Мақтаарал ауданында жылына 80 мың тонна мақта талшығын өндіретін «Жанасыл» зауыты ресми түрде іске қосылды. Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, өндіріс орнының ашылуымен аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтады.

«Ауданымыздың даму стратегиямызда инвестициялық жобаларға басымдық беріп отырмыз. 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 миллиард теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде мақта-тоқыма кластерін дамытуда жалпы құны 70 миллиард теңгені құрайтын 8 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Осы арқылы 3020 адам жұмыспен қамтылып, бюджетке қосымша 1 миллиард 862 миллион. теңге салықтық түсімдер түседі деп болжануда. Бүгінгі ашылып отырған зауыт – сол жобаларымыздың бірі. Ендеше, жаңа өндіріс орнының ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз бай және бақуатты бола берсін!» — деді Бақыт Насырханұлы.

Бүгінде зауыттың Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 13 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Жиын-терім науқаны басталғалы 41 мың тонна «ақ алтын» жинап үлгерген. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттауда. Айта кетейік, аталған зауыт жанынан тамшылатып суғару таспасын шығаратын және мақта тұқымын өндіретін екі өндіріс орнының құрылысы да жүріп жатыр.

Тамшылатып суғару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 миллиард теңгені құрап, 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Ал мақта тұқымын өңдеу зауытының құны да 1,5 миллиард теңгені құрап, 17 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі жоба да 2025 жылы іске қосылады.

Жалпы, Мақтаарал ауданында мақта-тоқыма кластерін дамытуда 2024-2030 жылға дейін жалпы құны 70 миллиард теңгені құрайтын 8 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы арқылы 3020 адам жұмыспен қамтылып, бюджетке қосымша 1 миллиард 862 миллион теңге салықтық түсімдер түседі деп болжануда. Бұл туралы облыс әкімдігінде Мақтаарал ауданының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясы талқыланған мәжілісте айтылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтааралдың даму қарқынын арттыру керектігін айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

– Біз Мақтаарал ауданын дамытуда негізгі басымдықтарды айқындап, жоспарлап алмасақ, экономикалық даму болмайды. Нақты ұсыныстар аз. Даму жоспарын нақтылап, күшейте түскен жөн. Мақта кластері, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын терең өңдеуге басымдық берілсін. Логистикалық әлеуетті көтеру де назарға алынсын. Жұмысты жандандырыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды жоспарды жетілдіруді тапсырды.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, «Cotton МАКТА» ЖШС тарапынан 2025-2026 жылдар аралығында жылдық қуаттылығы 10 мың тонна болатын жіп иіру фабрикасын салу жоспарлануда. 800 жаңа жұмыс орны ашылады. «Global Textile» ЖШС тарапынан Бірлік ауылдық округінен 10 гектар жерге 13,8 мың тонна қатты және боялған жайма өңдеу фабрикасын салу жобасы әзірленуде. Бүгінгі таңға 10 мың тонна мақта шикізатын қабылдайтын бекетінің құрлысы жүргізілуде. Жоба құны – 21 миллиардтеңге, 1000 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар. «Тulpar textile» ЖШС 2025-2028 жылдары 5 мың тонна жіп иіретін фабрика салуды көздеп отыр. Ал «Тамила» ЖШС 2026 жылы мақта қабылдау зауытын салуға ниетті. Сонымен бірге «ХлопкоПромЮг» ЖШС, «ZHANNASYL TEXTILE» ЖШС, және «ZHYBEK TEXTILE» ЖШС-лары да мақта кластері бойынша жобаларды жүзеге асырады.

Даму стратегиясында инвестициялық жобаларға басымдық берілген. Мақтаарал ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 миллиард теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары – 3810. Салықтық түсімдер 2 миллиард 451 миллион теңгеге ұлғайып 10 миллиард 431 миллион теңгеге жетеді деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 15,8 миллиард теңге болатын 26 жоба жүзеге асып 541 жұмыс орны құрылады. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 75,3 миллиард теңге болатын 16 жоба жүзеге асып, 3100-ден астам жұмыс орны құрылады деп көзделген Салықтық түсімдер 1 миллиард 969 миллион теңгеге жетеді деп межеленген. Туризм саласында 11 жоба жүзеге аспақ.

Өнеркәсіп саласындағы 11 жобаның, 7-і индустриалды аймақта орналаса, 4 жоба арнайы аймақтарда жүзеге аспақ. Мақтаарал ауданы индустиралды аймағының жалпы жер аумағы – 24 гектар. Қазіргі таңда аталған аймақта құны 3 миллиард 450 миллион теңгені құрайтын, 137 жұмыс орнын қамтитын 4 жоба жұмыс істеуде. 2024-2030 жылдары аралығына жалпы құны 4 миллиард 740 миллион теңгені құрайтын, 7 жоба жоспарланып, 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп болжануда.

Егін шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша 2030 жылға дейін мақтаны 30 мың гектарға мөлшерлеп, яғни 3,7 мың. гектарға азайтып, өнімділікті 60 центнерге ұлғайту жоспарланып отыр. Мақта дақылының 15 мың гектарын су үнемдеу технологиясымен егу межеленген. Жүгері дақылын 2,6 мың гектардан 4,1 мың гектарға көбейту, маш дақылын 0,2 мың гектардан 2,1 мың гектарға көбейту жоспарға енгізілген. 2025 жылы «Agro Gruz» логистикалық компаниясы арқылы 10 мың тонна өнімді сақтауға арналған қойма ашу жоспарланып отыр. Тұт ағашы алқабы ұлғаяды.

Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі кәсіпкерлер мен аудан, қала әкімдіктері өкілдерінен делегациялар жасақталып, әлемнің таңдаулы өндіріс орындарының тәжірибесімен танысуда. Осы ретте Мақтаарал ауданының делегациясы Қытай еліне іссапар жасады. Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров бастаған бір топ мақтааралдық Қытай халық республикасының Үрімші және Қуарлы қалаларында болып, бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Қытайдың экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Мақтаарал ауданында енгізу, өңірде зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – іссапардың басты мақсаты.

Делегацияның құрамында аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков, Иіржар ауылдық округінің әкімі Әбдіғаппар Биболов, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берік Агенов және бірнеше кәсіпкерлер бар.

Сапар барысында делегация мүшелері мақта және жүгері оратын комбайндарды құрастыратын зауытта, тауық фермасында, ет, мақта майы, жем, шырын шығаратын цехтарда, тамшылатып суғаруға арналған таспаларды және жылыжайға арналған пленка шығаратын зауыттарда арнайы болып, өндіріс орындарының жұмысымен кеңінен танысты.

Қытайлық бизнес өкілдерімен арнайы кездесіп, аталған кәсіпорындарындағы станоктардың бағасын, орнату мен Қазақстанға жеткізу нарқын білді. Сондай-ақ аталған өңірлердегі ағын су және ирригектарциялық жүйелердің құрылысымен танысты.

Іссапардағы кездесулерде мақтааралдық кәсіпкерлер түрлі бағытта құрылысқа қажетті заттар шығаратын станоктарды Мақтааралға алып келіп, шағын цехтар ашу мәселесін талқылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.

Сөз соңында тілге тиек етер жайт, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Мақтаарал ауылдық округінің Өркениет елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінде болды. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл тапсырылған нысанның конкурстық құны – 600 миллион теңге. Өңір басшысы спортшылармен, бапкерлермен кездесіп, пікір алмасты. Спорт саласына қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.

Спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гектарндбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгектарлмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары орналасқан.

Аудан әкімі Бақыт Асанов өңір басшысына бұған дейін Мырзакент кентінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның, «Мырзакент» спорт сарайының және 20-дан астам шағын спорт алаңдының құрылысы жүріп, пайдалануға берілгенін атап өтті.

Өңір басшысы Атакент кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Екі қабатты, 24 пәтерлі 4 тұрғын үй нысаны толық талапқа сәйкес салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аудан бойынша дәл осындай 87 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұған дейін көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларға 76 пәтер табысталған болатын. Ауданда әртүрлі санатта 2 мыңнан аса тұрғын үй кезегінде тұр.

Еске салайық, Мақтаарал ауданы — Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы — 0,8 мың шаршы шақырым, бұл дегеніңіз — облыс аумағының 0,7%-ы. Орталығы – Мырзакент кенті. Тарихына үңілсек, бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы деп аталады. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. 2018 жылы 5 маусымда қайтадан Жетісай және Мақтаарал ауданы боп екіге бөлінді. Географиялық жағдайына келсек, Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігінде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 м төбелі, белесті жазықта орналасқан. Батысында Жетісай ауданымен, солтүстігінде Шардара бөгені арқылы Шардара ауданымен, оңтүстігі мен шығысында Өзбекстанмен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған.
Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. «Достық» (бұрынғы С.М.Киров атындағы) каналы – ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудандағы 68 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin