Түркістан облысында жыл басынан бері 52 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Түркістан облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу мен талдау қорытындысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жайылым жерді түгендеу, ветеринария, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдерді тарқату жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мәжілісте Облыстық жер қатынастары, Ветеринария басқармаларының, Жер ресурстары департаментінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшылығының есептері мен пікірлері тыңдалды. Кемшілікке жол берілген аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жүктелді.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, олар аудан, қалаларда ауыл шаруашылығы кешенін, жер, ветеринария, ауыл шаруашығы субсидиясы және шаруашылық жүргізуші азаматтардың салық төлеуге қатысты мәліметтерін 4 бағыт бойынша зерделеген болатын. Атап айтқанда, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес аудандары мен Арыс қаласы бойынша зерделеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде салықтан жалтару, мал басын дұрыс көрсетпеу, жерді тиімді пайдаланбау деректері жиі тіркелген. Мал басы бойынша ресми статистика мен зерделеу барысында үлкен айырмашылықтар байқалған.

Жиында жауапты басшыларға пайдаланылмай жатқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы бағытындағы жер алқаптарын қайтару бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеттелді. Ауыл шаруашылығы дерекқор базасы мен ауылдық округі әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу туралы шаруашылық кітапшасын сәйкестендіру, аудан, қалалардағы ветеринария қызметкерлерінің біліктілігін артыру, жауапкершілігін күшейту, мал басын санауда кемшілікке жол бермеу жөнінде және өзге де тапсырмалар берілді.

Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланып жатқан жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтың құрамы жүйелі жұмыстар атқаруда. Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2024 жылға облыс бойынша 60 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Жыл басынан бері Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан 51,3 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің баяндауынша, өткен жылдың басында жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құраған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жайылым тапшылығы 608 мың гектарға дейін төмендеді.

Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жауапты басқарма мен департаментпен бірлесе отырып, жұмыстарды тиісті деңгейде атқаруды тапсырды. Жерді тиімді пайдалану керектігін ескертті.

Биыл өңірдегі қоғамдық жайылым көлемін екі бағыт бойынша 304,0 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Атап айтқанда, бірінші бағыт бойынша жалпы 64 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, есепті мерзімге 49,1 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 10 айда жоспар 70 пайызға орындалды. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар — Сарыағаш, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Келес, Созақ, Отырар аудандарында төмен деңгейде.

Екінші бағытта жалпы қоғамдық жайылым қажеттілігін 240 мың гектарға төмендету бойынша шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру, мал бордақылау алаңдарын ашу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шалғайдағы маусымдық жайылымды ұйымдастыру арқылы қоғамдық жайылым қажеттілігі 95,5 мың гектарға төмендетілді.

Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдегі ауыл шаруашылығы кешенін зерделеу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ тарапынан Ордабасы, Отырар, Сайрам аудандары мен Арыс қаласы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендерді дамыту бағытында Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекеніндегі мал бордақылау алаңдарын елді мекеннің сыртына көшіру бойынша жалпы 587 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару қарастырылған. Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан 255 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айта өтейік, шілденің соңында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен Жер ресурстарын басқару комитетінің бірінші жартыжылдығының қорытындысы тыңдалды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов 2024 жылдың 6 айында «Азаматтарға арналған үкімет» МК жер құқықтық қатынастары субъектілеріне, жергілікті атқарушы оргектарндарға және филиалдарына қатысты 2685 тексеру жүргізілгенін баяндады. Онда 2174 жер заңнамасын бұзушылық анықталып, 231,4 миллион теңге сомасына айыппұл салынды.

Жер учаскелерін беру кезінде жер заңнамасының бұзылуын анықтау мақсатында 7816 шешім тексерілді, оның ішінде 1711 заңсыз шешім жойылуға жатады.

Сондай-ақ, объектілерді салуға арналған жерлерді пайдаланбау, жерді мақсатсыз пайдалану, жердің бүлінуі және т. б. фактілер орын алған.

«Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі тапсырмасын орындауға қатысты ағымдағы жылдың басынан бері 1,33 миллион гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 875 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 836,7 мың гектар алаңда 614 нұсқама енгізілді, 48 материал сот оргектарндарының қарауында.

Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 217,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кірісті.

Жалпы, жыл басынан бері қайтаруға жоспарланған 2 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерінен 1,15 миллион гектар қайтарылды», — деді Мұрат Теміржанов.

Сонымен қатар, кейбір өңірлер бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі жоспарды орындаудың төмен көрсеткіштері байқалады.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында жоспарланған 160 мың гектардан 48,1 мың гектар, Атырау облысында 90 мың гектардан 16,8 мың гектар жер қайтарылды.

Сонымен бірге, төраға мемлекеттік тапсырма шеңберінде 2024 жылы топырақ, геоботаникалық зерттеулер, топырақты бағалау, цифрлық ауыл шаруашылығы контурлық жоспарлары мен фотокарталар жасау бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

2024 жылға жоспарланған барлық жұмыстар мемлекеттік тапсырма шеңберінде мерзімінде жүргізіледі. Бұл жыл соңында 69,4 миллион гектар алаңда өзекті топырақ материалдарымен, 64,3 миллион гектар геоботаникалық материалдармен, 56,5 миллион гектар топырақты бонитирлеумен, 205,5 миллион гектар алаңда цифрлық ауыл шаруашылығы карталарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

«Барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту керек, жедел шешуді талап ететін өзекті мәселелерді бақылауға алу қажет. Сондай-ақ, Жерді зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мемлекеттік институтының жұмыстары нәтижелерін мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне орналастыру қажет», — деп қорытындылады Айдарбек Сапаров.

Еске салайық, Мемлекет басшысы өз Жолдауында заңсыз үлестірілген және пайдаланылмай бос жатқан 10 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Үкімет бұл тапсырманы 2022-2023 жылдары толық орындады. Бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігі елдің стратегиялық ресурсын ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттер кешенін іске асыруды жалғастыруда. Ал негізгілерінің бірі – ауылдық округтердегі елді мекендердің айналасындағы жайылым тапшылығын азайту.

2023 жылы Интерактивті карта жаңартылды Jerkarta.gharysh.kz, онда қазір барлық қайтарылған ауылшаруашылық жерлерінің орналасқан жері мен ауданы көрсетілген. Сондай-ақ, жайылымдық жерлерде тапшылыққа ұшыраған аумақтардың орналасқан жері туралы деректерді интерактивті картаға енгізу жұмыстары аяқталды. Бұл қайтарылған жер учаскелерін ескере отырып, қажет болғанса жайылымға жер беру үшін аймақтың бүкіл бейнесін анық көруге мүмкіндік береді. 

Қызметті қағазсыз көрсету және жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыру үшін ЖМБМК АЖ іске қосылды. Ақпараттық жүйе ашық түрде жұмыс істейді, пайдаланушыларға жария кадастрлық картада жергілікті атқарушы оргектарндарға оған құқық беру туралы өтініш беру үшін учаскені таңдауға мүмкіндік береді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскелерін берудің электрондық тәртібі заңнамалық түрде енгізілді. Цифрлық ауыл шаруашылығы карталары жасалуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 145 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері цифрландырылды, бұл еліміздің ауыл шаруашылығы алқаптарының 77% құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруды толығымен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Жерді сапалы және ұтымды пайдалануды арнайы құрылған мемлекеттік институт – «ГИПРОЗЕМ» РМК қадағалайтын болады. Кәсіпорын экономикалық бағалау, жер мониторингі, топырақ, геоботаникалық, топыраққа агрохимиялық зерттеулер жүргізбек. Барлық ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру аяқталғаннан кейін топырақтың сапалық сипаттамалары мен жайылымдық жерлердің жем-шөп сыйымдылығы бар жеке ашық электрондық карта құрылады.

Зиянкестермен күрес жұмыстары өзекті

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс сапарымен Арыс қаласына барып, қала әкімі Қайсар Маңқараевпен бірге Тойтөбе және Қарақұм алқаптарын аралады. Шегіртке күбіршелерінің анықталған аумақтарын зерделеп, мамандармен пікірлесті.

Іссапар аясында Қожатоғай ауылында алқалы мәжіліс өткізіп, аудан, қала әкімдіктерінің жауапты мамандарымен және тиісті сала жетекшілерімен бірге аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру, үйлестіру мәселелерін қарады. Биыл аса қауіпті зиянкестерге қарсы күрес барысында жіберілген кемшіліктер келесі жылы қайталанбауы үшін облыс әкімінің белгілеген тапсырмалары бойынша міндеттер нақтыланып, жауаптылар бекітілді.

Күн тәртібіне сәйкес, Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Бекмұратов Нұрбол, Түркістан облысы бойынша болжам орталығының директоры Біләлбеков Нұрлыбек жоспарланған шаралар бойынша баяндады. Облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді осы жылы зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу барысында техника тапшылығы сезілгенін айтты. Сонымен қатар ошақтарды анықтау, болжам жасау үшін мамандар жүктемесін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Нұрбол Тұрашбеков Марокко шегірткесі дернәсілдеріне зерттеу жүргізілетін барлық аудан, қала әкімдіктеріне жекеменшік жер иелері тарапынан күнделікті өз аумақтарында зерттеу жұмыстарының жүргізілуін, нәтижесін Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына және Аумақтық инспекцияға жолдануын қамтамасыз етуді тапсырды. Марокко шегірткесіне қарсы анықтау-зерттеу шараларын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында мамандар тобын толықтыру керек екенін ескертті.

– Химиялық өңдеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Мердігер анықталып, қаңтар айының соңына дейін дайындық жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Зиянкестен құтылудың жолы – бірлесіп, келісе отырып күресу. «Менен кетті, сізге жетті» деген ойдан аулақ болыңыздар. Әсіресе, аудандар, шекаралас алқаптарда қажет болған жағдайда көмекке жұмылуға дайын болыңыздар, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Түркістан облыстық аумақтық инспекция тарапынан атқарылған жұмыс есебіне сәйкес, 2024 жылы 271,6 мың гектарды өңдеу жоспарланып, нақты 389,6 мың гектар дәріленген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылған-ды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жоспары жан-жақты талқыланды.

Облыс аумағында жүргізілген күзгі зерттеудің нәтижесінде 2025 жылға 9 ауданда химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов фи­то­са­ни­­тарлық өңдеу жүр­гіз­у­ді ұйымдастыру және ауыл шаруа­шылығы егістік­терін за­қым­дауына жол бермеу бойынша атқарылатын бірлескен іс-шаралар тізбесін ұсынды.

Облыс әкімінің орынбасары дәрілеуді мерзімінен кешіктірмей бастау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеделдету мәселесіне тоқталды.

— Химиялық дәрілер ғылыми негізделіп, бекітілуі тиіс. Препараттардың сапасына, жарамдылық мерзіміне баса мән беруді тапсырамын. Мемлекеттік сатып алуға ұсынылатын техникалық талаптар ықтимал тәуекелдердің алдын алуын қамтамасыз етуі тиіс, — деді Нұрбол Тұрашбеков.

Мәжіліс қорытындысына сәйкес Болжам орталығының зиянкестер ошағы бойынша белгілеген көрсеткіштерді аудан, қала әкімдіктермен қайта зерделеу бойынша тапсырма жүктелді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жауапты сала басшыларымен бірге көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын пысықтап, мақта шаруашылығын дамыту жоспарын саралады. Жиын барысында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндама жасап, егіс құрылымын 28 мың гектарға ұлғайту көзделгенін, нәтижесінде облыста 897 мың гектар жер егіске пайдаланылатынын айтып өтті. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2025 жылы мал азықтық дақылдардың үлесі кеміп, есесіне мақта 40 мың гектарға ұлғайтылмақ. Оның ішінде, 58,7 мың гектар мақта жаңа технологиямен бапталады деп күтілуде. Өңірде мақталықтарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар басталған. Қазіргі таңда нақты 1577 тонна тұқым дайын. Жалпы таңдаулы 6 сұрыптан 4845 тонна мақта тұқымы әзірленеді.

Мәжіліс барысында мақталы аудандардағы шаруашылықтар үшін машина-трактор станцияларын құру мәселесі де қозғалды. Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында мақта шаруашылығын дамытып, сапалы өнім алуға қажетті техникаларды жаңарту жайы талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары техниканы алу үшін шаруаларға қолайлы шарттар ұсынылуы тиіс екенін ескертті. Сонымен қатар жауапты басқармаға ақпараттандыру мен түсіндіру шараларын кеңінен жүргізуді тапсырды.

Аудандарда су үнемдеу технологиясын ендіру бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрысбек Елшібаев осы жылы 226 шаруа қожалығы 2810 гектардан тамшылатып суғару арқылы мол өнім жинағанын жеткізді. 2025 жылы су үнемдеу технологиясын 12 мың гектарға енгізу көзделіп отырғанын баяндады. Мақтаарал ауданы да осы межені ұстанып отыр. Шардара ауданында жаңа технологиямен жұмыс жасауды таңдаған шаруалардың тізімі жасақталып, түсіндіру жұмыстары жүзеге асуда.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының сөзіне сенсек, биыл Қазақстанда үйірлі шегірткенің таралу ошақтарын анықтау бойынша 15,1 миллион гектар немесе жоспарланған 17,1 миллион гектар алаңның 88,4%-ы тексерілді. Өңдеуге жататын жер көлемі – 2,5 миллион гектар. Өңдеу жұмыстары 2,4 миллион гектар алаңға немесе болжанған көлемнің 98,3%-ына жүргізілді. 

Ел аумағында үйірлі және саяқ шегіртке тектес зиянкес түрлері таралған. Атап айтқанда, азиялық шегіртке, итальялық прус және марокко шегірткесі. Саяқ шегіртке тектестердің шамамен 270 түрі бар.

«Биологиялық циклділік пен миграцияға байланысты кезеңді жаппай көбею қабілеті бар үйірлі шегіртке тектестердің жаппай көбею жылдарында ауыл шаруашылығы жерлері мен егістіктеріне үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты үйірлі шегіртке тектестерге қарсы қорғаныш шараларын ұйымдастыруды Министрлік республикалық бюджет қаражатынан пестицидтерді сатып алу, сақтау, тасымалдау және қолдану қызметтері арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырады. Саяқ шегіртке тектестерге қарсы күрес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі», — деп түсіндірді вице-министр.

Оның сөзінше, соңғы жылдары шегірткенің таралу алаңының өскені байқалады. Мысалы, 2020 жылы 514 мың гектар, 2021 жылы 626 мың гектар, 2022 жылы 975 мың гектар, 2023 жылы өңдеу 1,6 миллион гектар алаңда жүргізілді.  

Биыл үйірлі шегіртке тектестердің таралу болжамы 2,5 миллион гектар құрады. Сондай-ақ ең көп Ақтөбе (784,4 мың гектар); Қостанай (775,6 мың гектар), Түркістан (271,6 мың гектар) облыстарында таралуы мүмкін деп болжанып отыр. 

Үйірлі шегіртке тектестерге қарсы күреске 8,1 миллиард теңге қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,2 миллиард теңге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен – 3,9 миллиард теңге. Бұл қаражатқа жоғары тиімді препараттардың қажетті көлемі сатып алынды, сонымен қатар жеткізушілер анықталып, пестицидтерді сақтау және тасымалдау қызметтері бойынша келісімшарттар жасалды. 

Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныш шараларын республикалық деңгейде үйлестіру үшін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Барлық өңірде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жергілікті деңгейдегі жедел штабтар құрылды.

Шегіртке тектестердің таралуына фитосанитарлық мониторингті 17 облыста, республикалық маңызы бар 2 қалада және 168 ауданда филиалдары бар, штат саны 1113 бірлік және штаттан тыс қызметкерлер саны 437 бірлік (5 айға) құрайтын «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ мамандары жүзеге асырады. 

Вице-министрдің айтуынша, әдістемелік орталықтың филиалдары мониторингтік тексерулер жүргізу үшін 247 бірлік автокөлікпен қамтылып, 5 ай мерзімге 421 автокөлік жалға алынды. Барлығы 673 бірлік автокөлік тартылды. Үйірлі шегіртке тектестердің таралу ошақтарын анықтау бойынша 15,1 миллион гектар немесе жоспарланған 17,1 миллион гектар алаңның 88,4%-ы тексерілді. Өңдеуге жататын жер көлемі 2,5 миллион гектар құрады. Өңдеу жұмыстары 2,4 миллион гектар алаңға немесе болжанған көлемнің 98,3%-ына жүргізілді. 

Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 427 арнайы бүріккіш техника, атап айтқанда, 289 жерүсті вентиляторлық және штангектарлық бүріккіш, 56 аэрозоль гектарз генераторы, 36 жеңіл авиация кеме, 36 ұшақ, 2 пилотсыз авиациялық жүйе және 8 аспалы бүріккіш қолданылды.

Биыл шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларына барлығы 2500-ден астам адам жұмылдырылды.

2024 жылға саяқ шегіртке тектестердің таралу болжамы 664,9  мың гектар құрады. Бүгінде саяқ шегіртке тектестерге қарсы 586,48 мың гектар жер көлемі өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу және Павлодар облыстарында саяқ шегіртке тектестерге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды. 

Вице-министр шекаралас аймақтардағы шегіртке тектес зиянкестер бойынша мәселені ведомство тұрақты бақылауында ұстап отырғанын атап өтті. Шегірткелердің көрші аумақтарға көшуін болдырмау мақсатында көршілес мемлекеттермен бірлескен мониторингтік жұмыстардың жоспарлары жасалуда. Өзбек және ресейлік мамандармен бірлескен тексерулер жүргізіліп жатыр.  

Қай күні вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің тиімділігі қаралды.

Әлемнің 100-ден астам елінде ауылшаруашылық дрондарын қолданудың халықаралық тәжірибесі жерүсті бүріккіш-техниканың орнына ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланудың елеулі артықшылығын көрсетеді. Бүгінде дүние жүзінде агродрондардың көмегімен 500 миллион гектардан астам егістік өңделді. Суды үнемдеп жұмсау есебінен әлем бойынша шамамен 210 миллион тонна суды үнемдеуге, СО2 эмиссиясын 25 миллион тоннаға қысқартуға мүмкіндік туды. Ауылшаруашылық дрондары жетуі қиын жерлерді өңдеп, зерттеуге мүмкіндік береді. Олар кез келген ауа райында, тәулік бойына, жаңбыр кезінде және түнде де жұмыс істейді.

 «Мысалы, өздігінен жүретін бүріккіш гектарына 150 литр су жұмсайды, 5 мың гектарға шамамен 750 мың литр су қажет. Ал, дронға дәл осындай аумақты өңдеу үшін 50 мың литр қажет, ол 15 есе аз. Сонымен қатар жұмыс кезінде өздігінен жүретін бүріккіш сорап құрылғыны басып кетеді, бұл фермерге өнімнің шамамен 6%-ын жоғалтуына әкеледі. ҰҰА дақылдарға мұндай зиян келтірмейді»,  деді кеңесте агродрондарды пайдаланатын компанияның өкілі Санжар Нұрғазинов.

Қазақстанда өсімдіктердің зиянкестері мен қауіпті ауруларын зерттеу және емдеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануды кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық Eavision компаниясымен 80 агродрон әкелуге арналған меморандумға қол қойды. Бұл ҰҰА ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында сатылатын болады. Бұдан басқа, «Sunkar eavision International LLP» ЖШС Бірлескен қазақстан-қытай кәсіпорны құрылды, ол «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі АЭА аумағында отандық дрондарды жинауды жүзеге асырады.

«Өңірлердің ӘКК-мен бірлесіп Түркістан, Тараз, Абай және Жетісу облыстарында агродрондардың демонстрациялық және сервистік орталықтарын ашу мәселесі пысықталды. Үш оқу орнының базасында: Талғар политехникалық колледжі, Семей қаласындағы IT-технологиялар колледжі және Түркістан облысы Қапланбек ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде құрастырушылар мен ұшқыштарды оқыту мәселесі шешілді», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы. 

Сонымен қатар зиянкестердің қоныстану орындарын зерттеу және емдеу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ғарыш Сапары» АҚ – «ФитоКЗ» ГЕКТАРЖ ақпараттық жүйесінде жүргізілген өңдеулермен зерттеу іс-шараларын байланыстыру көзделген.

Серік Жұманғарин кездесуде Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алдына агродрондарды басқару үшін өзінің бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу мүмкіндігін зерттеу тапсырмасын қойды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин АШМ-ге 2025 жылдың ақпан айының соңына дейін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді іріктеуді немесе әзірлеуді, сервистік орталықтар құруды, негізінен ауыл жастарынан ҰҰА-мен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды, «ҚазАгроҚаржыға» қолда бар қаражат шеңберінде фермерлердің сатып алу үшін қолдау шараларын пысықтауды, ауыл шаруашылығында агродрондарды дамыту және енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin