
Аудан әкімі Азат Оралбаев ауыл округтерінде өткен кездесу жиындарда барша тұрғындарды Мемлекет басшысы басым бағыт беріп отырған ауқымды «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдауға, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық тазалықты сақтауға, тұрғылықты ауылды құрметтеуге шақырған болатын.
Осы орайда аталған акция аясындағы «Ауыл — біздің айнамыз» сенбілігі аудан көлемінде тұрақты түрде жүргізілуде. Жергілікті тұрғындар мен мекеме қызметкерлері өз ауылдарын тазартып, көркейтуге белсене атсалысып жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.