
Кеше Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балтаңдай» облыстық балалар өнер фестивалі өтті.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен термеде Отырар ауданының атынан бақ сынаған Нұрасыл Қуанышәлі топ жарды.
Фестиваль 5 жанр бойынша өткізілді. Атап айтқанда, талантты балалар екі күн бойы ән, би, сурет, терме, драма бағыты бойынша сайысты.
Терме жанры бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
Бас жүлде – Нұрасыл Қуанышәлі (Отырар ауданы);
1-орын – Мейірлан Серікғали (Арыс қаласы);
2-орын – Мағжан Ғалымжанұлы (Мақтаарал ауданы);
2-орын – Алмаз Момиш (Жетісай ауданы);
3-орын – Ахат Абай (Түлкібас ауданы);
3-орын – Нүркен Абдикадир (Шардара ауданы);
Арнайы жүлде – Жаннұрым Керимбекова (Төлеби ауданы);
Арнайы жүлде – Ұлбала Сүйіндік (Созақ ауданы).
Тағы бір қоса кететін сүйінші ақпар, Өзбекстан республикасының астанасы Ташкент қаласында өткен «NURAI ART FEST» І халықаралық көпжанрлы байқауда Отырар ауданының «Бақыт Айдынында» жас бишілер тобы топ жарып, Супер Гран-при жеңіп алды!
«Көзжұмбақ», «Тойбастар», «Кесе» билерін орындаған жас өнерпаздар көрерменнің де, қазылардың да көңілінен шығып, жеңімпаз атанып, Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында өтетін байқауға қатысуға жолдама алды!
Жас бишілердің шығармашылық жолына сәттілік тілеп, жетекшілері мен ата-аналарын құттықтаймыз!
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
