
Бүгін мәдениет қайраткері, композитор, өнертану ғылымының доценті Сауранбек Елеуов 70 жасқа толып отыр.
Мерейлі мерекесі қарсаңында қала әкімінің қаулысымен «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен марапатталды.
Сауранбек Еркінбекұлы — 80-ге жуық әннің, 35-тен астам ғылыми мақаланың және бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы. Ұлағатты ұстаз ретінде де өнер мен білім саласына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Сазгердің «Апатайым анашым», «Туған жер», «Армысыңдар, адамдар», «Түркістан», «Айдында жүзген аққулар», «Домбыра сазы», «Бесік жыры», «Ардагер қарттарым-ай», «Айналайын» сияқты туындылары халықтың жүрегінен берік орын алған.
Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сазгерді арнайы құттықтап, ел руханиятына қосқан үлесі үшін алғыс пен сый-құрмет көрсетті.
Мерейтой иесіне зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен ұзақ ғұмыр тілейміз.
Тарқата кетейік, Сауранбек Еркінбекұлы Елеуов 1955 жылы 10 мамырда Түркістан, Жаңақорған ауданы аумағындағы көне қаланың орны — ескі Сауранның іргесінде дүниеге келген. Әнші-композитор, ғалым. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түркістан совхозындағы Ғани Мұратбаев атындағы №240 орта мектебін бітірген. Орта мектептен соң ол 1979 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы педагогикалық-мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстары факультетін бітірген. Қызылорда облысының халық депутаттары Жаңақорған аудандық депутаты (1989-1994 жылдары), Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық мәслихаты депутаттар жиналысының депутаты (1994-1999 жылдары), өнертану ғылымының доценті. Көптеген халықаралық және республикалық әнші-композиторлар байқауының лауреаты.
Жас кезінен халық сазгерлерінің әндері мен термелерін домбырада, баянда шебер орындайтын Сауранбек халық ақыны Манап Көкенов жетекшілік еткен «Дала жұлдыздары» атты халықтық мәдени-үгіт бригадасының белсенді мүшесі бола жүріп, Республикалық байқауларда мәдени-үгіт бригадасының үш дүркін лауреаты болды.
Алғашқы әндерін сексенінші жылдардың басынан бастап жаза бастаған Сауранбек қазір 80-нен астам әннің авторы. Оның көптеген әндері республикалық газет-журналдарда, мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрді. «Апатайым анашым», «Бесік жыры»,«Жұлдызым», «Айналайын», «Армысыңдар адамдар», «Туған жер», «Айдында жүзген аққулар», «Қаракөзім», «Гүлбаһор», «Әке даусы», «Ғанидың жұлдызы», «Домбыра сазы», «Түркістан», тағы басқа да әндері қазақ радиосы мен теледидарында жиі орындалып жүр. Бір топ әндері Алматыда басылған «Ауыл кеші көңілді», «Жастық шақ әуендері», «Әнім сен едің» әндер жинағына енсе, енді топ әндері нотасымен және автордың қысқаша өмір жолы мен суретін берген «Сыр әуендері» /1991 жылы/, «Айдында жүзген аққулар» /1996 жылы/ атты «Түркістан» /2000 жылы/, «Апатайым — анашым» /2010 жылы/, «Сырнай мен аккордеонда ойнауды үйренудің әдістемесі» /2010 жылы/ кітаптары шықты.
Ол 1993 жылы қыркүйек айында Алматының орталық концерт залында өз шығармаларынан концерт берді.
Сазгер-әнші Сауранбек Елеуов Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдарының екі дүркін лауреаты, Республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, Саратов қаласында өткен Жас сазгерлер байқауының жүлдегері, кезінде СССР, КазССР Композиторлар Одағының Дипломымен марапатталған, Республикалық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің «Алтын медаліне» ие болған. Сондай-ақ ол Шәмші Қалдаяқов атындағы Республикалық өнер байқауының тұңғыш жүлдегері /1992 жылы/.
1989-1994 жылдары Жаңақорған аудандық халық депутаттарының депутаты, 1994 жылы аудандық Мәслихаты — Депутаттар депутатына қайта сайланған. 1999 жылы 26 қараша 2000 жылдың 7 қаңтар аралығында Түркия мемлекетінің бірнеше қалаларында Университет көркем өнерпаздарын басқарып барып, 22 концерттік бағдарламасын көрсетті.
Афион қаласының «Құрметті азаматы» атанды.
Сазгер-әнші Сауранбек Елеуовке жеке шығармашылық саласы бойынша әндер циклі және өнерпаздық шығармашылықты дамытқаны үшін 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағының сыйлығы атағы берілді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі тарапынан ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі деген құрметті атаққа ие болды /2005 жылы/.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған V Республикалық «Елім Менің» патриоттық әндер байқауының Лауреаты атанды /2008 жылы/. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№6 хаттама) Елеуов Сауранбек Еркінбекұлына өнертану мамандығы бойынша ДОЦЕНТ ғылыми атағы берілді.
Еңбек жолына келсек, аудандық мәдениет үйінің әдіскері (1979-1986 жылдары), мәдениет және демалыс паркінің директоры (1986-1990 жылдары), Сұлтанбек Қожанов атындағы «Арман» мәдениет үйінің директоры (1991-1995 жылдары), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1995-2000 жылдары), студенттердің мәдени іс-шара өткізу бөлімінің меңгерушісі (2000-2004 жылдары), «Музыкалық білім, вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушы (2005 жылы), тәрбие орталығының мәдениет бөлімінің меңгерушісі (2005-2006 жылдары), университеттің «Мәдениет орталығының» директор орынбасары (2006-2011 жылдары), университеттің «Өнер» факультеті, «Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі (2011-2016 жылдары) лауазымдарын атқарды.
Наградалары мен атақтарын да санамалай өтсек:
■ Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты (1985 жылы);
■ «Бүкілодақтық халық шығармашылық» фестивалінің лауреаты (1985 жылы);
■ «Бүкілодақтық халық шығармашылық ІІ» фестивалінің лауреаты (1987 жылы);
■ Диплом Союз композитров Казахстана (первый секретарь правления Союза композитров Казахстана, народный артист СССР Е.Рахмадиев) (1987 жылы);
■ Диплом секретариат правления Союза композитров СССР (первый секретарь правления Союза композитров СССР Т.Н.Хреников) (1988 жылы);
■ Почетная грамота министр культуры казахской ССР Ж.Еркінбеков (1989 жылы);
■ Қаз ССР «Халық шаруашылығының жетістіктері» көрмесінің медаль иегері (1990 жылы);
■ Құрмет грамотасы Қазақстан ЛКЖО орталық комитеті (1991 жылы);
■ «Рауан» аймақтық жастар фестивалінің лауреаты (1991 жылы);
■ Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық әнші-композиторлар байқауының тұңғыш лауреаты (1992 жылы);
■ Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1994 жылы);
■ Түркия мемлекеті «Афион қаласының» құрметті азаматы (2000 жылы);
■ «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» (2005 жылы);
■ Қазақстан Халықтар достығы университетінің доценті (2006 жылы);
■ «Елім менің» V-ші республикалық патриоттық әндер конкурсының лауреаты (2008 жылы);
■ «Қызылорда облысына 70 жыл» толу мерекесінде медальмен марапатталды (2010 жылы);
■ Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі (2011 жылы);
■ «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» дәстүрлі музыкалық өнер фестивалінің жеңімпазы (2014 жылы);
■ РҚБ Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі (2015 жылы);
■ Облыстық Маслихаттың Грамотасы (2015 жылы);
■ Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рахимов медалі (2015 жылы);
■ Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалі (2015 жылы);
■ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» медалімен марапатталды (2016 жылы);
■ ЮНЕСКО-ның 2016 жылды «Ясауи жылы» деп жариялануына және Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына орай «Ясауи жылы» медалімен марапатталды(2016 жылы);
Негізгі ғылыми еңбектеріне тоқталсақ:
35-тен астам ғылыми мақала (оның 3-еуі шетел журналдарында) мен 80-ге тарта әннің авторы.
Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу-әдістемелік еңбектері де баршылық:
■ «Сыр әуендері»;
■ «Айдында жүзген аққулар»;
■ «Түркістан»;
■ «Апатайым-анашым»;
■ «Сырнай мен аккордеонда ойнауды үйретудің әдістемесі»;
■ «Апатайым-анашым» әндер жинағы;
■ «Сыр сүлейі Манап Көкенов»;
■ «Манап Көкеновтың шығармашылығы туралы» журналы;
■ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Музыка мұғалімінің баян аспабын қолдану ролі»;
■ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Музыка мұғалімінің музыка сабағын ұйымдастырудағы әдістемелік шеберлігі»;
■ «East West 1 Association For Agvantes Studies and Higher Education Cmjh. Vienna. Austria7 Vienna 2014» Межкультурный диалог художественного и музыкального образования в социализаций креативной личности педагога;
■ «Балауса» кітабы.
Негізгі музыкалық шығармалары мыналар:
- «Апатайым анашым»;
- «Туған жер»;
- «Армысыңдар адамдар»;
- «Сырдария-жырдария»;
- «Түркістан»;
- «Айдында жүзген аққулар»;
- «Аппағым-аңсадым»;
- «Қаракөзім»;
- «Әке даусы»;
- «Жұлдызым»;
- «Домбыра сазы»;
- «Бесік жыры»;
- «Ғашығым»;
- «Аққудың баласындай көгілдірім»;
- «Ардагер қарттарым-ай»;
- «Айналайын»;
- «Ойыншықтар»;
- «Біріншіге барамын»;
- «Ақын мерейі»;
- «Түсінбедім»;
- «Гүлбаһар»;
- «Ғанидың жұлдызы»;
- «Қос қарлығаш»;
- «Ақмаралым»;
- «Әй-әй бөпем»;
- «Туған жердің арманы-ай»;
- «Ақ алтыным»;
- «Құс мекенім-Жаңақорған».
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
