Түркістан қаласында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Заманауи кітапхананың ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Байқауға «WINNER KIDS» оқу орталығының сурет үйірмесіне қатысатын оқушылар қатысты. Балалар асфальтқа түрлі-түсті борлармен өздерінің қиялындағы әлемді бейнеледі: жарқын гүлдер, күлкілі кейіпкерлер, табиғат көріністері және т.б. Әрбір сурет баланың ішкі әлемін және бақытты балалық шағын көрсететіндей болды.

Шара соңында қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Барлық қатысушылардың еңбегі бағаланып, олардың шығармашылыққа деген ынтасы мен қызығушылығы артты. Бұл байқау балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріп, бақытты балалық шақтың бейнесін асфальтта қалдырды.

Иә, балалық — адамның ең қамсыз, қызықты әрі қиялға бай кезеңі. Баланың әлемге деген аңғал көзқарасы, ойын мен қиял әлеміндегі еркіндігі, достық пен отбасылық жылулықтың маңыздылығы көрініс табады. Осы орайда Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалық шақтың көңілді әлемі» атты іс-шара өтті.

Шара барысында оқушылар қызықты оқиғаларын айтып, өлең оқып, сахналық көрініс көрсетті. Кеште балалық шақтың қуанышты һәм уайымсыз кезең екендігіне баса назар аударылды. Кітапхана меңгерушісі Нұргүл Әлмахан балаларға балалық шақты бағалап, әр күнді шаттықпен өткізудің маңызын түсіндірді.

Іс-шара балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, балалық шақтың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар белсенділік танытты.

Атап өтейік, 22–30 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар басталды. Бұл жөнінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл бұл бастама «Қазақстан балалары» деген ортақ ұранмен өтуде. Бұл ұран әрбір бала өзінің маңызды екенін сезініп, дауысының естілгенін, құқығының қорғалғанын білуі тиіс деген басты идеяны білдіреді.
​Іс-шаралардың мақсаты балаларға қуаныш сыйлау ғана емес, сонымен қатар олардың балалық шағына қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы екенін көрсету.
​Бүкіл республика бойынша барлық ауыл, аудан және қала бұл мерекелік бастамаға белсене қатысады. Іс-шаралар балаларды елдің мәдени, білім беру және қоғамдық өміріне кеңінен тартуға бағытталған.
​Аталған іс-шараларды ҚР Оқу-ағарту министрлігі тиісті мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастыруда.
​Мереке күндері келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өткізіледі. Облыс, қала және аудан әкімдерінің балалармен кездесулері өтеді. Бұл кездесулерде балалар өз ұсыныстарымен, арман-мақсаттарымен бөлісе алады. Сонымен қатар осы күндері жаңа білім беру нысандарының ашылуы жоспарланған. Театрлар, мұражайлар, саябақтар мен кинотеатрларға тегін немесе жеңілдікпен бару мүмкіндігі қарастырылған. Оған қоса, балаларға қолдау көрсетуге бағытталған өңірлік қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.
​Бұл – жай ғана мереке емес. Бұл – балалардың маңызды екенін көрсететін қоғамдық үндеу. Балаларға қамқорлық – әрбір азаматтың ортақ міндеті, адамгершілік борышы.
Қазақстандық ​балаларды осы іс-шараларға белсенді қатысуға, өз ойлары мен бастамаларын, армандарын ашық айтуға шақырамыз. Әр балаға өзін естілген, бағаланған және қамқорлықта екенін сезінуге толық мүмкіндік беріледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You