
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Осы мақсатта Отырар ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 28 маусым — «Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған шара барлық ауыл округтерін қамтып, жергілікті тұрғындар мен жастар, еңбек ұжымдары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер аймақтағы тарихи ескерткіштер мен көшелерде, демалыс аймақтарына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілікке жалпы 300-ге жуық адам қатысып, арнайы техниканың көмегімен тұрмыстық қалдықтар мен өзге де ластаушы элементтерден толықтай тазартылды.
Шараға атсалысқан ауыл округтерінің әкімдері жиналған тұрғындарға табиғатты сақтау – ұлт болашағына деген қамқорлық екенін атап өтіп, барлық қатысушыларды осындай игі бастамаларға белсене араласуға шақырды.
Экологиялық тазалық жұмыстары барысында ауыл тұрғындары ынтымақпен еңбек етіп, өзен бойын күл-қоқыстан тазартып, санитарлық тәртіпті күшейту бағытында белсенділік танытты.
Өзен демекші, соңғы жылдары елімізде ағын су тапшылығы басты мәселеге айналып келеді. Бұл мәселе ауданда да өзектілігін жойған емес. Әсіресе, мамыр-маусым айларында Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігіне су жетпей, шаруа қожалығы иелерінің еккен егіндері алғашқы суын іше алмай, әбігерге түседі.
Бүгін ауданға “КазСуШар” РМК Түркістан филиалының директоры Қазбек Бедебаев арнайы келіп, аймақты ағын су мәселесімен танысты. Аралау барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан көлемінде ағын су жетіспеушілігі бойынша туындаған мәселелермен таныстырды.
Бұған дейін «Қызыл ту» насос станциясындағы су айдайтын насостарды күрделі жөндеуден өткізіп, шаруаларды қажетті мерзімде ағын сумен қамтамасыз ету үшін каналдар тазартудан өткен болатын. Дегенмен каналдың жоғары бөлігінен келетін ағын су көлемінің аздығы егістік алқапты толық қамтамасыз ете алмайды.
Аталған мән-жаймен танысқан Қазбек Бедебаев Қоғам ауыл округіндегі «Қызыл ту» насос станциясының жұмысын көріп, одан әрі Д.Алтынбеков каналының аяқ жақ бөлігіне барып, Отырар, Қарғалы елді мекендерінің шаруаларымен кездесті.
Бүгінгі таңда Д.Алтынбеков каналына “Бөген” су қоймасынан 5 куб, “Қараспан” су бөгетінен 4,5 куб су босатылған. Қазіргі уақытта каналға жалпы 7 текше метр су келуде.
Іссапар барысында филиал директоры Қ.Бедебаев “КазСуШар” РМК Түркістан филиалы Отырар өндірістік бөлімшесінің мамандарына Қарғалы ауыл округінің Отырар елдімекені аумағындағы егіс алқаптарына ағын су жеткізу мәселесін басты назарға алып, күнделікті кезекшілік ұйымдастыруды қатаң бақылауда ұстау керектігін атап өтті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.