“Таза Қазақстан”: Шымкент қаласы аумағында тазалық шаралары атқарылды

“Таза Қазақстан” жалпықалалық сенбілік іс-шарасы бүгін де жалғасты. Тазалық жұмыстарына 3 100-ден астам қала тұрғыны қатысып, 212 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 182 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

Бес ауданда өткізілген сенбілік жұмыстарына 2012 қызметкер атсалысып, 112 техника қолданылды. Жалпы 149.9 тонна қоқыс шығарылды.

  • Абай ауданы: 400 қызметкер, 15 техника, 42 тонна қоқыс; • Әл-Фараби ауданы: 335 қызметкер, 22 техника, 27 тонна қоқыс;
  • Еңбекші ауданы: 411 қызметкер, 33 техника, 15,7 тонна қоқыс;
  • Қаратау ауданы: 440 қызметкер, 25 техника, 45.9 тонна қоқыс;
  • Тұран ауданы: 426 қызметкер, 36 техника, 18.3 тонна қоқыс.

Сонымен қатар қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп шабу, ағаштарды әктеу, қоршауларды алу, аумақты қоқыстан тазалау және өзге де абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Орайы келгенде айта өтейік, Шымкентте дрондардың көмегімен экологиялық ережелердің бұзылуы анықталды. «Таза қала« акциясы аясында полицейлер абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау және болдырмау үшін күнделікті рейдтер жүргізеді.

Рейдтер барысында дрон жүк көліктерінің рұқсат етілмеген жерлерде қоқысты қалай шығарып, түсіргенін тіркеді. Полицейлердің айтуынша, бұл — абаттандыру саласындағы ең көп таралған бұзушылықтардың бірі. Бұзушылар жедел түрде анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлердің айтуынша, дрондарды пайдалану — қол жетпейтін аумақтарды бақылаудың және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді әдісі.

Абай ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуат Миркасов: «Полиция дрондардың көмегімен «Таза қала« акциясы аясында абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтайды және рейдтер жүргізеді. Техника қоқысты заңсыз шығару фактілерін, соның ішінде қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерде қалдыратын ірі жүк көліктерін тіркеуге мүмкіндік береді. Құқық бұзушылар жедел белгіленеді және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Дрондардың арқасында құқық бұзушылықтарды анықтау оңайырақ және жылдамырақ болды. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын абаттандыру ережелерін сақтауға және қаланы таза ұстауға шақырады«, — дейді.

Полиция азаматтарды абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға шақырады және еске салады: тазалық пен тәртіпті тек бірлескен күш-жігермен қамтамасыз етуге болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You