Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: Ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы жанданды

Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын жеделдету міндеті жүктелді. Қысқа мерзімде көңілге қонымды тарифтер мен көтерме бағалар белгілеуді қоса алғанда, инвестицияларды қайтаруға бағытталған пәрменді ынталандыру шаралары да енгізілуі қажет. 

Үкіметтің Президент алға қойған міндеттер шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысы биыл бекітілген «Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарымен» үйлестірілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы жанданды:

Қашаған кен орнында 2026 жылы аяқталу мерзімімен қуаты жылына 1 миллиард текше метр ГӨЗ жобасы жүзеге асырылуда, сондай-ақ қуаты жылына 2,5 миллиард текше метр ГӨЗ жобасы пысықталуда.

Қарашығанақ кен орнында 2028 жылы іске қосылатын қуаттылығы жылына 4 миллиард текше метр ГӨЗ салу жоспарлануда (тауарлық газ өндірісі — жылына 3,3 миллиард теше метр).

Жаңаөзен қаласында қуаттылығы жылына 900 миллион текше метр жаңа ГӨЗ құрылысы басталды.

Газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі Жол картасы шеңберінде Рожков, Шығыс Өріктау және Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Бұдан бөлек, 2025 жылдың мамыр айында «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, бұл оңтүстік өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігін және елдің транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайтады.

Халықты газбен қамтамасыз етуге келетін болсақ, бүгінгі таңда Қазақстанды газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрайды, бұл 20,2 миллион халықтың 12,6 миллион тұрғынына газға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,4%-ға жоғары. 2024 жылы 4000 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 93 жоба жүзеге асырылды.

2025 жылы 300 мыңнан астам адамды газға қосуды қамтамасыз ете отырып, тағы 77 жобаны аяқтау жоспарланған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You