
2025 жылғы 27 тамыз күні Шымкент қаласының Абай, Қаратау һәм Тұран аудандары аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және көгалдандыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар қаланың көркеюіне және тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға бағытталған.
Аталған іс-шараларға жалпы саны 100-ден астам адам және 21 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Асар мен Шымсити, Қайнарбұлақ пен Бозарық шағынаудандары мен Бәйдібек би даңғылы, А2 айналма жолы, Түркістан, Темірлан тас жолы, Бақбаев, Әл-Фараби, Өтегенов, Төлеметов, Арғынбеков, Жиделібайсын, Жаңаталап, Гагарин, Бөлешев, Сырым батыр, Бәйтереков, Ерімбетов, Алматы көшелерінің бойы мен арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 4 450 метр ирригациялық жүйелер тазаланды. Жалпы алғанда, 149 тонна қоқыс шығарылды.
Аумақтардағы тазалықты қамтамасыз ету үшін қоқыс жинау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қосымша жұмысшылар тартылып, мобильді топтар түнгі ауысымда да тазалық жұмыстарын жалғастырып келеді. Бұл – тазалықты тәулік бойы қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың бірі.
Сонымен қатар, көгалдандыру бағытында 78 маманның қатысуымен Тұран шағынауданы және Жаңа терминал, Сквер-1, Асар ауруханасы аймағында да шөп шабу және газон қырқу жұмыстары жүргізілді. Бұл – қаланың жасыл қорын сақтауға, оны ұлғайтуға және экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететін маңызды шаралар.
Тазалық жұмыстары аясында Сыпырған ата мен Арғынбекова, Сейхун мен Жантөре ата, Алматы көшелері және Бәйдібек би даңғылында орналасқан 90 аялдама және Ахмет Байтұрсынов, Ғани Мұратбаев, Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан Момышұлы ескерткіштері жуылып, тазартылды. Бұл жұмыстар тұрғындар мен қоғамдық көлік пайдаланушылары үшін қолайлы әрі гигиеналық қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды.
«Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Негізгі мақсат – қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз, таза және жасыл өмір сүру ортасын қалыптастыру», — дейді жауаптылар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
