
Түркістандағы «Qol Oner» одағы 2025 жылы Дүниежүзілік Қолөнершілер Кеңесінің Азия-Тынық мұхит аймағы (WCC—APR) қауымдастығына ресми түрде мүше болып қабылданды.
Бұл туралы Одақ төрайымы Индира Икапова мәлімдеді. «Бұл мен үшін және жергілікті шеберлер үшін де қуанышты жаңалық. Бұл шеберлер еңбегінің еленуі ғана емес, ұлттық қолөнеріміздің әлемдік аренаға нық қадам басуы деп білемін», — дейді ол.
Түркістан қаласы әкімдігі барша шеберлерді құттықтай отыра, шын жүректен алғыс білдіреді.
Айта кетейік, 21-23 тамыз күндері Түркістан қаласында Халықаралық Қолөнершілер фестивалі өтеді деп жоспарлануда. Фестивальде қала тұрғындарын қолөнершілер көрмесі мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, автофест, әуе шарлары және түнгі «Fire Show» күтеді. Сондай-ақ жанды дауыстағы музыка, қолөнер мен ұлттық рух, заманауи шоу – бәрі осы фестивальден табылмақ.
Дәстүр мен заманауи мәдениеттің тоғысқан мекені — Түркістанда баршаңызды күтеміз! Мәдени-рухани орталықта, кіру тегін.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
