
24 қазан — Кітапханашылар күніне орай Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шара аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, рухани сала қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетілді.
Іс-шараның ашылуында Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Ергешбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима жиын барысында мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Құндызай Ажмаханқызын «Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, бірқатар кітапханашыларға кәсіподақ ұйымы мен мәдениет саласы атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Сауран аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова кітапхана саласының ауданның мәдени-рухани өміріндегі маңызын атап өтіп, еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді марапаттады. Өз кезегінде аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Құндызай Нәлшеева әріптестерін төл мерекемен құттықтап, сала ардагерлері мен белсенді мамандарға алғыс білдірді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
