
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше қабілетті жастарға арналған «Мейірім шуағы» шығармашылық кеші өтті. Іс-шараның мақсаты — талантты жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысуына және тең мүмкіндіктер қағидатын ілгерілетуге жағдай жасау.
Кешті аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы мен ішкі саясат бөлімінің басшы міндетін уақытша атқарушы Марат Ержанұлы ашып, қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, аудандық Әжелер алқасы мүшелері жастарға рухани қолдау көрсетті.
Бағдарлама барысында өнерлі жастар ән, би, поэзия және қолөнер бағыттарында өз қабілеттерін танытты. Жас шеберлердің туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Іс-шара соңында ерекше қабілетті жастар Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
