Таза Қазақстан: Ордабасы ауданының орталығында кең ауқымды тазалық іс-шарасы өтті

Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан орталығындағы «ПМК» аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға ауыл округ әкімдігінің қызметкерлері, аудандық бөлімдердің мамандары және жергілікті белсенді тұрғындар қатысты.

Сенбілік барысында қоқыс жинау мен шөп шабу, аяқжолдарды және жалпы аумақты тазарту жұмыстары атқарылды. Жалпы саны 10 арнайы техника жұмылдырылып, 5 шақырым көше бойындағы қураған шөптер шабылып, арнайы орындарға шығарылды. Көшелер мен аумақтар қоқыстардан толық тазартылды. Су жүретін арық-атыздардың су өткізу қабілеті қалпына келтірілді.

Шара соңында ұйымдастырушылар: «Бұл сенбіліктің мақсаты аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді көркейтіп, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру болып табылады. Акцияға қатысқан әрбір азаматқа алғыс білдіреміз», — деп атап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You