Түркістан облысында ішкі саясат саласындағы жұмыстар жүйеленген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ішкі саясат саласындағы тұжырымдамалық құжат қабылдау бастамасын қолдап, «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойғаны — есімізде. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында ішкі саясат саласының негізгі иедологиясымен басымдықтарын жүйелеу мақсатында қабылданған алғашқы тұжырымдамалық құжат.

Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ішкі саясат басқармасының өкілдерімен және жастармен кездесіп, құжаттың маңыздылығына ерекше тоқталды. Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды одан әрі ілгерілету мен еліміздің бірлігін нығайту мәселелері айтылды. Сонымен қатар маңызды құжатты әзірлеуге сүбелі үлес қосқан үшін Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Бөріхан Жолбарысұлына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринның Алғыс хаты табысталды.

– ҚР ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарны айқындауға арналғани маңызды стратегиялық құжатты әзірлеу барысында жоғары кәсіби біліктілік танытып, айтырлықтай үлес қосқан азматтарымызды марапаттау – біздің ортақ міндетіміз. Бөріхан Жолбарысұлының еліміздің ішкі саясат саласындағы басымдықтарды нақтылау, тұжырымдамалық бағыттарды жүйелеу және стратегиялық көзқарасты қалыптастыру ісінде жоғары жауапкершілік көрсетіп, осы маңызды құжаттың мазмұндық деңгейін артыруға сүбелі еңбек сіңірді, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Жиын соңында Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Қыдырәлі Рысбеков ақ батасын беріп, жылы лебізін білдірсе, ал саясаттанушы Бөріхан Жолбарысұлы өз ризашылығын айтты.

Айта кетейік, аталған құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Оның басты мақсаты – ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеу әрі үйлестіру. Құжатта қоғамдық диалог пен этносаралық қатынас, дін мен мәдени-гуманитарлық, отбасы мен жастар, ақпарат секілді ішкі саясаттың басым бағыттары айқындалған. Қабылданған тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысын ұйымдастыруға негіз болады.

Осы орайда сөзімізге арқау болар тағы бір ақпаратпен бөліссек. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы Сәуле Мешітбаева «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» республикалық экспедициясы аясында Түркістан облысына келген еді. Іссапарының мақсаты – Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында жаңа идеялогиялық ұстанымдарды ілгерілетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Экспедицияның басты мақсаты – өңірлердегі атқарушы органдармен, партия ұйымдарымен және қоғамдық институттармен бірлесе отырып, елдің цифрлық трансформациясына қатысты міндеттерді талқылау, ақпараттандыру және қоғамдық пікір қалыптастыру.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен кездесуге тиісті басқарманың басшылары, ішкі істер органдарының өкілдері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық байланыс арқылы қатысып, пікір алмасты. Кездесу барысында ауылдың интеллектуалды әлеуетін күшейту, газет-журналдардың ағарту мен білім беру ісіндегі маңызы, жастар тәрбиесі, руханият пен мәдениетті өркендету белестері сараланды.

Басқосуда Сәуле Мешітбайқызы экспедицияның мақсатына тоқталып, басылымдардың халықтың рухани кемелденуіндегі рөлі мен бүгінгі қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, қазақ қоғамының руханияты мен ел бірілігін сақтау, ұлттық құндылықтар мен қоғамдық сананың жаңғыруы, отбасы құндылықтары мен тіл мәселесі секілді маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға «Qazaqstan dauiri» газетінің стратегиялық миссиясы туралы мағлұмат беріліп, жаңа жобалар таныстырылып, оның зияткерлік-ағартушылық міндеттері баяндалды. Тағылымды кездесуде қатысушылар келелі мәселелерді көтеріп, сүбелі ойларды ортаға салды.

Сапар аясында Сәуле Мешітбайқызы Сайрам, Бәйдібек, Созақ аудандарында болып, ауылдың рухани әлеуетін көтеру, жастардың дүниетанымын кеңейту мен қоғамның өзгеріске дайындығын ілгерілету мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен кездескен екен.

Бұдан бөлек Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі сараланған апталық штаб отырысы өтті. Жиынға тиісті басқармалардың басшылары мен құқық қорғау органдары қатысты. Аудан қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.

Жиында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, ел бірілігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Мәселелер ортаға салынып, нақты шешімдер қабыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша туындаған әрбір өзекті мәселе дер кезінде бақылауға алынып, жедел әрекет ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар жиында көтерілген мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You