Кентауда балалар шығармашылығы арқылы адалдық құндылықтары дәріптелді

Loading

Кентау қаласында балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттауға арналған «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауы өтті.

Байқау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шығармашылық додаға 7–17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, өз жұмыстарында адалдық, әділдік және парасаттылық ұғымдарын бейнелеуге тырысты. Жас суретшілер түрлі көркемдік тәсілдерді пайдалана отырып, жемқорлықсыз қоғам туралы өз түсініктерін қағаз бетіне түсірді.

Балалардың шығармашылық жұмыстары олардың қоғамдағы маңызды құндылықтарға өзіндік көзқарасын танытып, бейнелеу өнері арқылы ой-пікірін жеткізуге мүмкіндік берді. Мұндай байқаулар жас өрендердің өнерге қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық әлеуетін дамытуға да ықпал етеді.

Байқау қорытындысында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Өнер арқылы тәрбиелік мәні бар тақырыптарды көтерген жас суретшілердің еңбегі қатысушыларға үлгі болды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You