Түркістан шаһарында веложолдарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Loading

Қала аумағында жол инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде веложолдарды жаңарту жұмыстары істеліп жатыр.

Қазіргі таңда Бекзат Саттархаев даңғылы бойында жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайтын аумақта веложолдар әрлену үстінде. Сонымен қатар, Қызылорда тас жолы бойында 12 шақырым, Кентау тас жолы бойында 3,5 шақырым, Байбұрт көшесінде 1 шақырым және Сұлтанбек Қожанов көшесінде 1,5 шақырым аумақта арнайы веложолақтар сызылып, пайдалануға дайындалуда. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жол жөндеу және жаңарту жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғаса бермек.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You