Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы Құрсай шағын ауданына арнайы барып, тұрғындар мәселесін тыңдады.
Қала әкімінің онлайн қабылдауында болған аталған шағын ауданның тұрғыны ауданда ауыз су мен табиғи газдың жоқтығы, жарықтандыру, денсаулық сақтау нысандар мен жер мәселесін шешіп беруін сұраған болатын.
Тұрғындардың шағымы бойынша Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті сала мамандарымен бірге Құрсай шағын ауданында болып, инфрақұрылым мен әлеуметтік нысан мәселесін шешу жолдарын қарастырды.
Биыл Құрсайда жеке инвестор есебінен бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана құрылысы басталады. Бұл «Shymkent ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.
Тұрғын алапты ауыз су, табиғи газ және сапалы электрмен қамту жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Боранбай Болатбеков хабардар етті.
Құрсайды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген. Жалпы жоба құны 5,9 млрд теңге қаралған. Нысанның құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Ал, электр жарығымен қамту жұмысы 2019 жылы жүргізілген. Қамтылмай қалған 130 үйге осы жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан модернизация бағдарламасы арқылы кіргізіледі. Құрсайлықтарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2216 үйге жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Басқарма басшысының сөзінше шағын аудан 2021 жылдың соңына дейін толық табиғи газбен қамтылады.
Шағын ауданда жалпы 55 көше бар. Оның 8-і топырақ жол. Тиісті басқармаға ұсыныс беріліп, осы жылы шағал тас төселінеді. Елді мекенде екі көше ғана түнгі жарық шамдармен жарықтандырылған. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы бір көше (Ә.Бекболатов) жарықтандылады.
Сонымен қатар, 900 орындық №49 жалпы орта мектепте қазір 3112 оқушы білім алады. Үшауысымды оқытуды жою мақсатында «Shymkent ӘКК» АҚ ұйымдастыруымен 450 орынды «Әл-Фараби» атындағы жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, инвестор «Бекназ и К» ЖШС тарапынан 450 орынды мектептің құрылысы жүргізіліп отыр.
Шымкент тұрғындарының өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру күн тәртібіндегі басты міндет екенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы бұл бағыттағы мәселелерді жіті бақылауға алатынын және сала басшыларынан атқарылған жұмыстарды жүйелі түрде баяндап отыруды тапсырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
You are in point of fact a just right webmaster.
The site loading pace is incredible. It seems that you’re doing any unique trick.
In addition, the contents are masterpiece.
you’ve performed a magnificent task in this subject!
Similar here: ecommerce and also here: Sklep internetowy
I’ve been surfing online greater than three hours as
of late, but I by no means found any interesting article like yours.
It’s pretty price enough for me. In my view, if all webmasters and bloggers made just
right content material as you probably did, the
net might be much more useful than ever before.