Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті

Loading

1 шілде – елімізде жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай және Ұлттық домбыра күні қарсаңында Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Кенжеқызы Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті.

Ұлттық домбыра өнері мен күйшілік дәстүрді кеңінен насихаттап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, жас күйшілердің шығармашылық әлеуетін дамыту және қазақтың күйшілік мектебінің сабақтастығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қаламыздағы өнерлі 20 жас қатысып, бақтарын сынады.

Байқаудың ашылу салтанатына арнайы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы Әліпов, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреқызы Жантөреева, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сәрсенбаев қатысып, ұлттық өнердің ұлт болмысын сақтаудағы, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізудегі маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңартылған нормаларының елдің құқықтық дамуы мен қоғамдық жаңғыруындағы тарихи маңызын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға 9–21 жас аралығындағы 20 жас күйші қатысып, орындаушылық шеберліктері тәжірибелі қазылар алқасының бағалауынан өтті.

Байқау нәтижесі бойынша:

Кіші топ (9–14 жас):

Бас жүлде – Әбдірахман Жомарт Абдусаламұлы («Ақжайық» музыка мектебі);

І орын – Серікбай Нұрболат Нұрланұлы (Түркістан балалар саз мектебі);

ІІ орын – Бәкір Бекнұр Өмірханұлы (Түркістан балалар саз мектебі), Байбосын Айзере («Ақжайық» музыка мектебі);

ІІІ орын – Әсілхан Айзере Мәдиқызы («Айнамкөз» өнер мектебі), Серікбай Мадияр Қанатұлы (Б.Саттарханов атындағы футбол академиясының «Домбыра» үйірмесі).

Арнайы номинациялар:

«Төлеген Момбеков атындағы» – Сәрсенбек Әділет Талғатұлы («Білім кемесі» мектеп-лицейі);

«Сүгір Әліұлы атындағы» – Момиш Алмаз Талғатұлы (Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы);

«Дина Нұрпейісова атындағы» – Исмаилова Раян Маратовна («Айнамкөз» өнер мектебі).

Ересек топ (15–21 жас):

Бас жүлде – Маханбет Дәурен Қайратұлы;

І орын – Асқарұлы Асылжан;

ІІ орын – Рамазан Саят Қанатұлы, Оспан Аманжол Алмасханұлы;

ІІІ орын – Абдыхаил Дильназ Русланқызы (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 1-курс студенті), Шынтемір Нұрдәулет Қайратұлы (Түркістан балалар саз мектебі).

Арнайы номинациялар:

«Көрермен көзайымы» – Момиш Назерке (Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 1-курс студенті);

«Шебер орындаушы» – Шалқар Арайлым Алматқызы (Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы);

«Сүгір Әліұлы атындағы» – Ахметхан Диас Марипханұлы (Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы);

«Дина Нұрпейісова атындағы» – Ұзақбай Ералы Ерзақұлы (Түркістан балалар саз мектебі);

«Төлеген Момбеков атындағы» – Өтебек Балнұр Ілесбекқызы (М.Мәметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектебі).

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ұлттық мәдениет пен дәстүрлі өнерді ұрпақ тәрбиесінің өзегіне айналдыру – мемлекет саясатының басым бағыты екенін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы «Домбыра – ұлттың рухани коды» екенін айтып, ұлттық мұраны дәріптеу арқылы жас буынның тарихи санасы мен отансүйгіштік қасиеті қалыптасатынын бірнеше мәрте жеткізді. Бүгінде Қазақстанда 3 мыңнан астам мәдениет ұйымы жұмыс істесе, олардың жүздегені балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған. Соңғы жылдары домбыра үйірмелері мен өнер мектептеріне қатысатын оқушылар саны тұрақты өсіп келеді. Түркістандағы «Тұран даласының күйлері» байқауы да — осы мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі. Мұндай шығармашылық алаңдар жас таланттарды анықтап қана қоймай, қазақтың күйшілік мектебінің сабақтастығын сақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және Конституцияда айқындалған мәдени мұраны қорғау қағидаттарын қоғам санасына орнықтыруға ықпал етеді. Рухани тамырын терең сезінген ұрпақ қана елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарап, Әділетті Қазақстанның берік тірегіне айналмақ.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You