![]()
Сауран ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және аумақтарды абаттандыру бағытында кең көлемді тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Игі іске аудан бойынша 100-ге жуық адам қатысып, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері мен басқа да аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілді.
Шара нәтижесінде аудан аумағынан 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Бұл жұмыстар елді мекендердің көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.
“Сауран ауданында қоршаған ортаны таза ұстау және елді мекендерді көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Тазалықты сақтау – бір реттік шара емес, ортақ жауапкершілікті талап ететін тұрақты міндет”, — дейді жауаптылар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
