Сауран ауданында облыстық мәслихат депутаты халықпен кездесті

Loading

Сауран ауданында Түркістан облыстық мәслихаты депутатының тұрғындармен есеп беру кездесуі өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәслихат жұмысы және халықты толғандырған мәселелер талқыланды. Кездесуге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, есеп беру кездесулерінің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай басқосулар халық пен өкілді билік арасындағы ашық байланысты нығайтып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тікелей талқылауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, мәслихаттың қабылдаған шешімдері, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар және тұрақты комиссиялардың қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ депутаттық жұмыс барысында көтерілген мәселелер мен олардың шешілу барысына тоқталды.

Басқосудың негізгі бөлігі сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Әлеуметтік сала, инфрақұрылым, елді мекендердің дамуы және басқа да жергілікті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды. Көтерілген сауалдарға облыстық мәслихат депутаты мен аудан басшылығы тарапынан жауаптар беріліп, тиісті мәселелердің қолданыстағы заңнама аясында кезең-кезеңімен қаралатыны түсіндірілді.

Жиында халықтың ұсыныс-пікірлерін ескерудің және көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстаудың маңыздылығы атап өтілді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындардың талап-тілектері тиісті сала басшыларының назарына жеткізіліп, заң аясында шешімін табуы үшін бақылауға алынатынын айтты.

Мұндай есеп беру кездесулері жергілікті өкілді органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықпен тұрақты кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы заңнама талаптарына сәйкес өткізілетін кездесулер тұрғындардың қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысуына және өз ұсыныстарын тікелей жеткізуіне жол ашады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You