Шымкентте республикалық «Наурыз» айтыс басталды

Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында «Наурыз Гүл көктем, жыл басы» республикалық ақындар айтысы басталды.


Қала әкімінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға еліміздің айтулы 16 ақыны қатысып отыр.

Бүгінгі жүйріктердің сөз сайысына Шымкент қаласынан Н.Есенқұлов, Қ.Білдәш, Қ.Абзалов қатысса, еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтаннан Р.Хайдаров, Е.Қайназаров, ал, Алматы қаласынан Ш.Сезімхан, Алматы облысынан Қ.Бердіхан, Қызылордадан М.Сұлтанхан, Қостанайдан А.Қалиев, Қарағандыдан Т.Жаманов, Ақтөбеден А.Керімбек, Шығыс Қазақстаннан А.Жеңісхазин, Түркістан облысынан Б.Шойбеков, Солтүстік Қазақстаннан А.Шұғатаев, Батыс Қазақстаннан Б.Шиірмедұлы сынды біртуар ақындарымыз келіп бақ сынауда.

Айтыс аламанында қазылар алқасының төрағасы- КСРО Халық әртісі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның еңбек ері» ордендерінің иегері, қазақ руханиятының ардагері Асанәлі Әшімов болса, Қазақстанның Халық ақыны, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист, ҚР еңбегі сіңген қызметкері, «Алаш», «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы мен айтыскер ақындар Бауыржан Ергенұлы, Есжанова Маржан, Карима Оралова сынды азаматтар қазылық етуде.

Екі күнге жалғасатын ақындар айтысының жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды. Мәселен, Бас жүлде иегеріне -2 млн. теңге болса, 1 орын -1 млн. теңгені құрайды. Ал екінші орын алған 2 ақынға -500 мың теңгеден, 3 орын алған екі ақынға -300 мың теңге берілетін болады.

Түркістан сарайында барлық санитарлық нормалар сақталған. Көрермендер саны әр күні 100 адамнан аспайды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.