Шымкенттік ұстаз би арқылы жастарға ұлттық құндылықты дәріптеуде

Өнерлі ұстаз Идрисова Гүлнар өз ісінің маманы, талай шәкіртті тәрбиелеп қана қоймай, ата- аналардың алғысына бөленіп жүрген жан. Жас маман іскер, шығармашыл, ізденімпаз қабілетінің арқасында аз уақыт ішінде «Шашу» би тобын құрды.


Мемлекеттік коммуналдық мекемесіндегі «Шашу» би тобының жетекшісі ретінде талай белестерді бағындырып келеді. Шәкірттері қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Мәселен, олар «Балауса-2010», «Ақ көгершін-2010», «Балдаурен-2012», «Асыл мұра-2013» «Ғұмырдария-2017», «Нұрлы жастар-2018», «Нұр әлем жұлдызы-2018», «Golden Avenus of Stars-2019», «Осенние мелодий-2020», «Самға әуен-2020», «Golden star of Qazakhstan-2020», «Өнер әлемі-2020» «Dreamfest-2021» т.б. сынды байқауларға қатысқан.

Мақсаты ұлттық нақыштағы халық билерін насихаттай отырып, ұлттық құндылығымызды дәріптеу. Қазақ қыздарының парасаттылығын, ибалығын көрсету. Бұл қазақи тәрбиемен сусындап өскен әрбір жанның арманы еліне қызмет ету, -дейді ұстаз. Ал, Идрисова Гүлнардың мақсаты және арманы — өз елінің би өнерін таныту.

Осы мақсатта аянбай еңбек етіп келеді. Би өнерінің сабақтары сапалы болу үшін көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу керек екендігін басты назарда ұстайды.

Жалпы би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән екендігін ұғындырып жүрген білікті маман екендігін ұжымда жетістіктерімен дәлелдеп жүрген ұстаз.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.