Shymkent bike велосипедтерін жалға алып, ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоба қызметкерлері велобекеттерге клинингтік тазалау жұмыстарын жүргізді.
Барлық 38 велобекет клинингтік тазартудан өтті.
Тазарту жұмыстары аяқталған соң, бүлінген ақпараттық жапсырмалар ауыстырылады.
Айта кетсек, бүгінде Shymkent bike әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында Шымкент қаласында 160 велосипедке арналған 384 тұрақ орны бар. 38 велобекет іске қосылған.
Жүйенің жұмысы «жасыл экономика» үрдісіне сәйкес күн энергиясымен жұмыс істейтіндіктен коммуникацияларға қосылуды талап етпейді.
Жалға алу жүйесі қаланың көлік инфрақұрылымының маңызды әлеуметтік элементі болып табылады және
жылдық абонементтің құны бар болғаны 10 000 теңгені құрайды (айлық абонемент – 2500 теңге, 3 айлық абонемент – 6000 теңге), бұл ретте пайдаланушы ережені сақтай отырып – әрбір сапары 30 минуттан аспайды, жүйені пайдалану үшін ешқандай басқа қаражат жұмсамауы мүмкін.
Жүйені пайдалану белсенділігі негізінен үй-жұмыс-үй бағдары бойынша жүреді. Қолайлы ауа — райы кезінде демалыс ретінде серуендеу үшін жалдау көрсеткіштері жоғары болып тұр. Жалдау таңғы 07:00-ден түнгі 03-ке дейін, яғни тәулік бойына қолданылады. Сапарлардың 85% — ы тегін (30 минуттан аспайды) және 15% — ы ақылы, 30 минуттан асады.
Пайдаланушылар арасында 64% ерлер және 36% әйелдер, орташа жасы — 20-45 жас. Пайдаланушылардың 70% — дан астамы «Shymkent Bike» велосипедтерін көпшілік көлік құралы ретінде пайдаланады.
Сонымен қатар, студенттер, зейнеткерлер және 3 топтағы мүгедектер үшін абонементтерді ресімдеуге 50% жеңілдік беріледі, олар жүйені пайдаланушылардың 60% — ын құрайды.
Күн сайын сағат 08.00-ден 03.00-ге дейін техникалық қолдау қызметі бекеттерге техникалық қызмет көрсетуді, велосипедтерді сервистік тексеруді қамтамасыз етеді.
Жобаның көпшілікке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Имран» СО алдында сату бөлімі жұмыс істейді. Сату бөлімі дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?