Қаладағы эпид жағдай бойынша штаб отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті.


Жиында мегаполистің COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың жүйелі мәселелері мен кеше 1 сәуір күні еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты өткен кеңес барысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалу барысы қарастырылды.

Шымкентте эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін айтқан қала басшысы тұрғындар арасында маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және қала тұрғындарын адам көп шоғырланған жерге барудан бас тартуға шақырды.

«Соңғы екі тәулікте шаһарда індет жұқтырған 147 науқас тіркелген. Бұл көрсеткіш күн сайын артып отыр. Сондықтан Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» енді. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы коронавирусқа қарсы вакцинацияны қабылдау. Сондықтан сала мамандары осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керек»,-деді қала әкімі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позиловтың хабарлауынша, бүгінде Шымкент қаласында жалпы коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші компоненті 7400 адамға, ал, екінші комоненті 3385 адамға егілген екен. Сонымен қатар ол инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары қаладағы 26 емдеу мекемесінде және демалыс күндері де жүргізіліп жатқанын айтты. Бұған қоса қосымша 10 бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында екпе жасау үшін арнайы кабинеттер дайындалған.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.