Шымкент: Коронавируспен күрестің 3 сценарийі әзірленді

Қала әкімі Мұрат Әйтенов пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысында қалада коронавируспен күрестің 3 сценарийі әзірленгенін айтып, өткен жылғы қателіктердің орын алмауын баса айтты.


«Қазір А сценарийі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл сценарий бойынша 1380 төсек-орын дайын. B және С сценарийлері бойынша 5 мың төсек-орынға жеткізуіміз керек. Әр аймаққа жеткен кезде тиісті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бас дәрігерлердің міндеті.

Сонымен бірге олар науқастарды қабылдау алгоритімін әзірлеуі тиіс. Адамдардың жиналып қалуын және кезек күтпеуін қамтамасыз етуі керек. Дайындықтар пысықталып, кемшіліктер анықталып, шешім жолдары қаралсын»,-деді М.Әйтенов.

Осы тұста қаланың бас дәрігері коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін қаладағы медициналық ұйымдарда қажетті жағдайдың барлығы жасалғанын атап өтті. Ол медициналық ұйымдарда 900 млн. теңгенің дәрі-дәрмек қорының бар екенін, бұл екі айға дейін жететінін мәлім етті. Сонымен қатар, қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда тәулігіне барлығы 6 270 тест жасау қуаттылығы бар.

Айта кетейік, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 96 жағдай тіркелді. Ал, қалада жыл басынан бері 1440 жағдай тіркелген. Бүгінгі күні қалада 1 380 төсек — орын бар оның 1067 төсек – орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 313 науқас ем қабылдауда. Ауруханадағы төсек орындар толымдылығы 22% құрайды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Good day! Do you know if they make any plugins to assist with Search Engine Optimization? I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords
    but I’m not seeing very good gains. If you know of any please share.
    Thank you! You can read similar text here:
    Sklep internetowy

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.