Шымкент: Шыңғыс Мұқан мектептердің құрылыс барысымен танысты

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан инвесторлар есебінен салынып жатқан жекеменшік мектептердің құрылыс барысымен танысты.


Әкімнің бірінші орынбасары аралау барысында «Тұран» шағынауданында салынып жатқан 350 орындық мектептің және «Бозарық» шағынауданындағы 200 орындық мектеп пен «Достық» шағынауданындағы 590 балаға шақталған жекеменшік білім ордасының ғимаратына барды.

Жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапалы атқарылуын қадағалаған Шыңғыс Жұмабекұлы білікті ұстаздар ұжымын жасақтауды қазірден бастап қолға алу қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, орынбасар білім саласының инфрақұрылымын шешу мақсатында өткен жылы 5 жылдық жоспар жасалынғанын, ол бойынша 2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылатынын жеткізді. Бес жылда салынатын мектептердің 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде болса, 40 мектепті жеке инвесторлар салады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты және бұл бағыттағы жұмыстарды бақылау қашан да назардан түспейді.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.