Шымкент: «Қазығұрт» елдімекенінде жаңа Мәдениет үйі бой көтереді

Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Қазығұрт» елдімекенінде (бұрынғы Карл Маркс бөлігінде) жаңа Мәдениет үйі бой көтереді.


Жалпы аумағы — 0.15 га жерді қамтитын құрылыс нысанының аумағына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасыры Шыңғыс Мұқан және Абай ауданы әкімі Бұхарбай Парманов, қалалық мәслихаттың депутаттары Қуаныш Дәулеталиев пен Ғани Қанжігітұлы арнайы барып, Мәдениет үйінің жобасымен танысты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай құрылысы жоспарланып отырған Мәдениет үйін жергілікті түрік-әзірбайжан ұлтының өкілдері жеке қаражаттарына салуда.

Ұлты түрік Нәсіп Асланұлы есімді кәсіпкер осы елдімекендегі қатарластарымен бірге ғимаратқа кететін шығынды толығымен өз мойнына алып отыр.

— 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі — баршамызға құтты болсын! Бір мемлекетте ұлт болып ұйысып тұрғаннан соң, қоян-қолтық араласып, бір-бірімізбен тату-тәтті тұрып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болып, қаламыз көркейе берсін, — деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Шара барысында Мәдениет үйінің құрылысына атсалысып жатқан елдімекен тұрғындары Алғыс хаттармен марапатталды.

Тағы бір айта кетер жайт, бүгінгі іс-шарада мәдениет ошағының қазығы қағылғанын көрген басқа да ұлт өкілдері бұл бастамаға қызығушылық танытуда.

Өзбек мәдени орталығының жетекшісі Икрамжан Акрамұлы да Шымкенттің Қызылжар елдімекеніне өзбек этносының атынан халыққа арнап мәдениет үйін салып беруге уәде берді. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.