Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Айта кету керек, облыста 234 мыңнан астам адам екпе қабылдауға ниет білдірген. Екінші компонентпен 83 мыңға жуық адам салдырған. Бүгінде өңірде 128 екпе салдыру пункттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, көшпелі егу бригадалардың саны – 80-ге жетті. Қазіргі таңда, облыстағы медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар қоры 60 күнге, арнайы қорғаныш құралдары 55 күнге жетеді. Өңірде дәрі тапшылығы байқалмайды. Ал, соңғы тәулікте 20 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,31 % құрайды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы өңірде пандемия белең алғалы 766 мыңнан астам азаматтан ПТР сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1666 адам тексерілді. Облыс бойынша 1200 инфекциялық және 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.