
Келес ауданында вакцина салдырғандардың саны 20 мыңнан асты.
Бүгінгі күнге дейін 20 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Ауданда вакцинаның бірінші компонентін 17 540 адам ал, екіншісін 11 780 тұрғын қабылдаған. Бүгінгі таңда вакцинаның Гам-КОВИД-Вак, QazCovid, Hayat-Vax және КоронаВак түрлері өңірге жеткізіліп, аудан аумағындағы аурухана мен емханаларда сондай-ақ шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен арқылы салынуда. Жалпы 5 медициналық пункт арнайы жабдықталған. Қазіргі таңда күніне 600-ге жуық тұрғын вакциналарды қабылдауда.
«Алдымен келушілер дене қызулары мен қан қысымдарын өлшетіп, сауалнама парағын толтырады. Дәрігер өкпесін тыңдап, тексереді. Бақылаудан өткеннен соң ғана вакцина алуға болады. Екпе алғаннан кейін кейбір адамдарда ештеңе байқалмай, жайлы өтсе, енді біреулердің дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінуі мүмкін» — дейді аудандық бас дәрігердің орынбасары Камила Қуандыққызы.
Вакцина алғысы келетіндердің арасында жастар да, қарт адамдар да бар. Білім беру ордаларымен, аудандағы мекемелердің қызметкерлері де ұжым болып, індетке қарсы вакцина алуда.
ANYQ.KZ-ақпарат
122500 112434I feel this web site has quite superb composed subject material articles . 23536
667349 112731Aw, i thought this was an incredibly excellent post. In idea I would like to invest writing in this way moreover — taking time and actual effort to manufacture a really great article but exactly what do I say I procrastinate alot and no indicates apparently go completed. 772895