Төлеби: Демалыс аймақтарына баратын жолдарға санитарлық бекет қойылды

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары А.Искаковтың 29 шілдедегі номер 18 қаулысына сәйкес Төлеби ауданының демалыс аймақтарына баратын жолдарға сенбі, жексенбі күндері санитарлық бекет қойылды.


Қаулыда сенбі, жексенбі күндері демалыс үйлері, жағажайлар, бассейндер, аква парктер, азық-түлік дүкенінен басқа барлық сауда орындары, туристік қызмет көрсететін орталықтар, базарлар жұмысын тоқтатады деп көрсетілген.

Бұған қоса, республика аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мегаполистер мен ірі қалалар маңындағы қала тұрғындары демалуға баратын аудандарда карантин күшейтілетіні жөнінде айтылған болатын.

Қаулыға сәйкес демалыс орындарына баратын жолдарда мобильді топ мүшелері мен тәртіп сақшылары кезекшілікте тұр.

Ауданмен іргелес жатқан Шымкент қаласы қызыл аймақта орналасқандықтан, сақтық шараларын ұмытпауларыңызды сұранамыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтап, үйден шықпай, бетперде тағып жүру қажеттігін ескертеміз. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.