Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғындары баспанаға мұқтаж көпбалалы жалғыз басты аналарға үй салып беруді қолға алды.
Тұрғындары ұйымшыл ауылда дәл қазіргі таңда екі отбасыға асарлатып үй салынып жатыр. Бүгінде бір отбасының шаңырағы дайын болса, екінші отбасының баспанасы күз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. «Көп түкірсе – көл» демекші, игі іс ауылдың белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Сондай белсенділердің бас қасында жүріп, түрлі қайырымды іске ұйытқы болып жүрген азамат – Бекзат Хабибов.
«Ауыл белсенділері болып біз осы сәтке дейін мұқтаж отбасыларға түрлі көмек көрсетіп келеміз. Мен өз басым мұндай игі істі қолдаймын. Мұқтаждарға азды-көп көмек болсын деп бірін қажетті тұрмыстық техникамен қамтамасыз етсек, біріне сиыр алып бердік. Азық-түлік беруді де үнемі ұйымдастырамыз. Үйсіз жүрген отбасыларға үй салып берейік деген шешім қабылдап, оны көпшілік қолдап, бүгінгі таңда сол мақсат жүзеге асуда», – деді Б. Хабибов.
Ауыл белсенділерінің айтуынша, мұндай қайырымды іске қол ұшын созушылардың саны артып келеді екен. Тұрғындар осы сәтке дейін, мұқтаж болған отбасыларға тұрмыстық техникалық бұйымдармен қамтамасыз етіп, түрлі қолдаулары мен көмектерін көрсетіп келген. Алдағы уақытта ауыл белсенділері баспанасыз қалған жандарға асарлатып үй салып беруді игі дәстүрге айналдырмақ.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Hello There. I found your blog using msn. This is a really well
written article. I will make sure to bookmark it and
return to read more of your useful info. Thanks for the
post. I will definitely return.