Кентау: Бірыңғай байланысы орталығының жұмыстары жүргізілуде

Кентау қаласының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қала әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 20-шы шілдесінен бастап «Бірыңғай байланыс орталығы» іске қосылған болатын. Бүгінде орталықтың жұмысы жүйелі түрде жүзеге асып келеді.


Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кету керек, бірыңғай байланыс орталығының мақсаты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды, коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіруге бағытталған.

Бірыңғай байланыс орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:

  1. Қалалық және мобильді телефондардан 8(72536)5-96-07 бірыңғай нөмеріне қоңырау шалу
  2. What’s App: 8-775-344-86-85 желісі арқылы
  3. Instagram: ikomek_kentau парақшасы арқылы
  4. Facebook: «Біріңғай байланыс орталығы» парақшасы арқылы

Қазіргі таңда орталықта 70 аса өтініш қабылданды.Келіп түскен өтінішер бойынша тұрғындарға сапалы және уақытылы жауап берілуде. Өтінімдерді тиісті мекеме басшыларына беріліп жұмыстар жүргізілуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.